Құжат мәтініне өту

О корректировке базовых ставок земельного налога

Өзге акт · № 37/4-VI · қабылданған 27.11.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-126854/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О корректировке базовых ставок земельного налога Күшін жойған Өзге акт ·№ 37/4-VI ·27.11.2018
15.11.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О корректировке базовых ставок земельного налога

Күшін жойған Өзге акт ·№ 37/4-VI · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О корректировке базовых ставок земельного налога
Атауы (қаз.)
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
37/4-VI
Қабылданған күні
27.11.2018
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2019
Көрсетілген редакция
15.11.2019 126854_429359.kaz
Соңғы өзгеріс
15.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VA000206
ЭКБ идентификаторы
126854
Редакция идентификаторы
126854_429359
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:26

0 Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Өскемен қаласының әкімшілік бағынысындағы шекараларда елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жеріне Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 506-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:

1 аймақ бойынша – 30% арттырылсын;
2 аймақ бойынша – 10% арттырылсын;
3 аймақ бойынша – 10% азайтылсын;
4 аймақ бойынша – 30% азайтылсын.
Өскемен қаласының әкімшілік бағынысындағы шекараларда жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге Салық кодексінің 504-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:
1 аймақ бойынша – 30% арттырылсын;
2 аймақ бойынша – 20% арттырылсын;
4 аймақ бойынша – 20% азайтылсын;
5 аймақ бойынша – 30% азайтылсын.
Өскемен қаласының әкімшілік бағынысындағы шекараларда елді мекендердің жеріне (үй маңындағы жер учаскелерін қоспағанда) Салық кодексінің 505-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:
1 аймақ бойынша – 31% арттырылсын;
2 аймақ бойынша – 33% арттырылсын;
3 аймақ бойынша – 35% арттырылсын;
4 аймақ бойынша – 38% арттырылсын;
5 аймақ бойынша – 41% арттырылсын;
6 аймақ бойынша – 44% арттырылсын;
7 аймақ бойынша – 46% арттырылсын;
8 аймақ бойынша – 50% арттырылсын.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 37/3-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3920 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырдағы «Өскемен», «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған);

2

2) «Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 37/3-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № 26/7-VІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5519 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған).

3 3. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы