О переименовании составных частей села Максимовка и переименовании улиц села Тонкерис Целиноградского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании составных частей села Максимовка и переименовании улиц села Тонкерис Целиноградского района
- Атауы (қаз.)
- Целиноград ауданы Максимовка ауылының құрамдас бөліктеріне атаулар беру және Төңкеріс ауылының көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 20.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 20.11.2018 126875_376852.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BQI06920
- ЭКБ идентификаторы
- 126875
- Редакция идентификаторы
- 126875_376852
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:34
0 Целиноград ауданы Максимовка ауылының құрамдас бөліктеріне атаулар беру және Төңкеріс ауылының көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Максимовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Целиноград ауданы Максимовка ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Мира көшесін Бейбітшілік көшесіне;
Заводская көшесін Бірлік көшесіне;
50 лет ВЛКСМ көшесін Жастар көшесіне;
Лиза Чайкина тұйық көшесін Наурыз тұйық көшесіне;
Набережная көшесін Жағалау көшесіне;
Степная көшесін Сарыарқа көшесіне.
2 2. Целиноград ауданы Төнкеріс ауылының көшелері қайта аталсын:
Отто Шмидт көшесін Жұмабек Тәшенев көшесіне;
Молодежная көшесін Жамбыл Жабаев көшесіне;
Школьная көшесін Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;
Целинная көшесін Өркениет көшесіне.