Об определении размера обеспечения исполнения обязательств по ликвидации последствий старательства за один гектар по Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера обеспечения исполнения обязательств по ликвидации последствий старательства за один гектар по Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 63/02
- Қабылданған күні
- 06.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2020 126890_464383.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18K0005059
- ЭКБ идентификаторы
- 126890
- Редакция идентификаторы
- 126890_464383
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:13
0 Қарағанды облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің
салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын
қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарағанды облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қарағанды облысы әкімдігінің
2018 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 63/02 қаулысына қосымша
Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 210-бабының 2-тармағында орнатылған ауданы бес гектарға дейінгі аумақта өндіру кезінде белгіленген операцияларға арналған жыл сайынғы ең төмен шығыс сомасының 10% мөлшерінде төмендегі формуламен анықталады:
О1=530×АЕК×10%
мұндағы:
О1 – бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері;
АЕК – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш.