О некоторых мерах по оптимизации системы управления институтами развития
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых мерах по оптимизации системы управления институтами развития
- Атауы (қаз.)
- Даму институттарын басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 830
- Қабылданған күні
- 13.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2022 126910_602278.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000830
- ЭКБ идентификаторы
- 126910
- Редакция идентификаторы
- 126910_602278
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:03
0 Даму институттарын басқару жүйесін оңтайландыру
жөніндегі кейбір шаралар туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы оған «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3 3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы қаулының 1-тармағын орындағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы деп қайта атауды;
2 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне, соның ішінде «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы қызметінің нысанасын айқындауды көздейтін шешімдеріне тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 830 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-41-жол алып тасталсын.
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 359-8-жол алып тасталсын.
3
4 4. «Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж.,
№ 77-78-79, 588-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ірі ұйымдарының тізбесінде:
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 53.38-жол алып тасталсын.