О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 268
- Қабылданған күні
- 26.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2026 I126925_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18Z0005422
- ЭКБ идентификаторы
- 126925
- Редакция идентификаторы
- I126925_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:28
0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз
етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңдарына сәйкес облыс әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен оларға ақшалай сыйақының
мөлшерлері айқындалсын.
2 2. Қоса беріліп отырған Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы бекітілсін.
3
3. «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Р.Е.Исақұлов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.А.Оспанқұловқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Батыс Қазақстан облысы
полиция департаменті бастығының
міндетін атқарушы
________________ А.Меңдіғалин
2018 ж. «23» қараша
6 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен оларға ақшалай сыйақының мөлшерлері
2018 жылғы «26» қарашадағы №268
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен оларға ақшалай сыйақының мөлшерлері
1 1. Құрмет грамотасы.
2 2. Алғыс хат.
3 3. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай
сыйақы.
10 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы
2018 жылғы «26» қарашадағы №268
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілді
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеу қағидасы
Осы Қағида қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін айқындайды.
1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеу жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды.
2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – БҚО ПД) енгізеді.
3 3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
4 4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып, Комиссия белгілейді.
5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Комиссия қабылдайтын шешімге
сәйкес, қосымша БҚО ПД бастығының бұйрығы шығарылады.
6 6. Ақшалай сыйақыны төлеу БҚО ПД облыстық бюджет қаражаты
есебінен жүргізеді.