Құжат мәтініне өту

О дополнительном предоставлении лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, изделий медицинского назначения отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно

Өзге акт · № 27/8 · қабылданған 13.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-127002/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О дополнительном предоставлении лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, изделий медицинского назначения отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно Күшін жойған Өзге акт ·№ 27/8 ·13.12.2018
11.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительном предоставлении лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, изделий медицинского назначения отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно

Күшін жойған Өзге акт ·№ 27/8 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительном предоставлении лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, изделий медицинского назначения отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно
Атауы (қаз.)
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
27/8
Қабылданған күні
13.12.2018
Көрсетілген редакция
11.03.2020 127002_449161.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18S0005082
ЭКБ идентификаторы
127002
Редакция идентификаторы
127002_449161
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:04

0 Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 7-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша берілсін.

2 2. Күшін жойды деп танылсын:

1

1) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/5 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды қосымша тегін беру туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3987 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 желтоқсанда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/8 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4309 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

3

3) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 4 маусымдағы № 21/8 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4770 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

3 3. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталон бақылау банкiне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы-Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды;

3 3) осы шешім ресми жарияланған соң оны Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

11 Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша берілетін тегін дәрілік заттар, бейімделген емдік өнімдер, медициналық мақсаттағы бұйымдар

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың
2018 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 27/8 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша берілетін тегін дәрілік заттар, бейімделген емдік өнімдер, медициналық мақсаттағы бұйымдар

Дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы
Аурулардың халықаралық жіктемесі 10 – қайта қарау бойынша аурулардың тобы
Сирек аурулардың синонимдері және атаулары
Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетімдер (дәрежесі, сатысы, ауыр ағымы)
Халық санаты
1.
Инфликсимаб
Тоцилизумаб
Адалимумаб
Балалардағы жасөспірімдердің жүйелік бастамалы артриті (M 08.2)
Ювенилді идиопатикалық артрит жүйелі нұсқасы
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
Диспансерлік есепте тұрған балалар
2.
Тобрамицин
Зат алмасуының бұзылуы (Е 84.8)
Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
3.
Бозентан
Илопрост
Силденафил
Риоцигуат
Өкпелік бастапқы гипертензия (I 27.0)
Идиопатикалық өкпе артериясының гипертензиясы (бұдан әрі - ӨАГ ), тұқымқуалаушы ӨАГ
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
4.
Ибрутиниб
Венетоклакс
Таралған ходжкиндік емес лимфома (С 83)
Таралған ходжкиндік емес лимфома
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
5.
Пирфенидон
Өкпенің интерстициалдық басқа аурулары (J 84.1)
Идиопатиялық өкпенің фиброзы
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
6.
Бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдар
Көпіршікті эпидермолиз (Q 81)
Буллезді эпидермолиз
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
7.
Ритуксимаб
Дәнекер тіннің жүйелік зақымданулары (М 31.3)
Вегенер гранулематозы
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
8.
Инфликсимаб
Жұқпалы емес энтерит пен колит (К 51)
Ойық жаралы колит
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
9.
Эверолимус
Органдар мен тіндер ауыстырғаннан кейінгі күйлері (Z 94.0)
Трансплантацияланған бүйректің болуы
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
10.
Алглюкозидаза альфа
Гликоген жиналу аурулары (E 74.0)
Помпе ауруы (2 типті гликогеноз)
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Қолданыстағы