О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на неиспользуемые земли сельскохозяйственного назначения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на неиспользуемые земли сельскохозяйственного назначения
- Атауы (қаз.)
- Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 30/196-VI
- Қабылданған күні
- 29.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.01.2023 127009_618663.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VB000191
- ЭКБ идентификаторы
- 127009
- Редакция идентификаторы
- 127009_618663
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:23
0 Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Семей қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге арттырылсын.
2
2. Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 15 қыркүйектегі «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» № 5/45-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4692 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған және 2016 жылғы 4 қазанда Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінің 79 (1052) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.