Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О корректировке базовых ставок земельного налога по городу Петропавловску

Өзге акт · № 5 · қабылданған 29.11.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-127013/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О корректировке базовых ставок земельного налога по городу Петропавловску Күшін жойған 20.04.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О корректировке базовых ставок земельного налога по городу Петропавловску

Күшін жойған Өзге акт № 5 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О корректировке базовых ставок земельного налога по городу Петропавловску
Атауы (қаз.)
Петропавл қаласы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5
Қабылданған күні
29.11.2018
Көрсетілген редакция
20.04.2026 127013_830335.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18SA005072
ЭКБ идентификаторы
127013
Редакция идентификаторы
127013_830335
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:23
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Петропавл қаласы бойынша жер салығының базалық

мөлшерлемелерін түзету туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексі 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) негізінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 505, 506-баптарында белгіленген Петропавл қаласы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға жоғарылатылсын.

2. Қосымшаға сәйкес Петропавл қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім ресми жариялануға жатады және 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Петропавл қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі

2018 жылғы «29» қарашадағы
қалалық мәслихат шешіміне
қосымша
Петропавл қалалық мәслихатының
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі

1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 3 «Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін түзету туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-1-171 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 ақпандағы «Проспект СК», «Қызылжар нұры» газеттерінде жарияланған).

2. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы № 2 «Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін түзету туралы» ІV шақырылған Петропавл қалалық мәслихаты кезектен тыс ХХІІІ сессиясының 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 3 шешіміне  толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-1-195 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 мамырдағы «Всё будет хорошо», 2011 жылғы 13 мамырдағы «Қызылжар нұры» газеттерінде жарияланған).

3. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 2 «Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін түзету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3884 болып тіркелген, 2016 жылғы 09 қыркүйекте «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).