О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в районе Биржан сал
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в районе Биржан сал
- Атауы (қаз.)
- Біржан сал ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-31/3
- Қабылданған күні
- 28.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2020 127017_468856.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BJ006917
- ЭКБ идентификаторы
- 127017
- Редакция идентификаторы
- 127017_468856
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:25
0 Біржан сал ауданында жиналыстар,
митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу тәртібін
қосымша реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Біржан сал ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
2
2. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № С-4/2 «Еңбекшілдер ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 1 қарашада № 5587 тіркелген, 2016 жылғы 10 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысы
Біржан сал ауданының әкімі Е. Нұғыманов
«28» қараша 2018 жыл
4 Біржан сал ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі
Біржан сал ауданы
мәслихатының
2018 жылғы 28 қарашадағы
№ С-31/3 шешіміне
қосымша
Біржан сал ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі
1 1. Біржан сал ауданында жиналыстар мен митингілер өткізу орындары белгіленсін:
1 1) Степняк қаласы, Біржан сал көшесінің бойындағы үлкен алаң;
2 2) Степняк қаласы, Біржан сал көшесінің бойындағы шағын алаң.
2 2. Біржан сал ауданында шерулер және демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:
1 1) Степняк қаласы, Кенесары және Наурызбай батыр көшелерінің қиылысынан Наурызбай батыр көшесінің басына дейін;
2 2) Степняк қаласы, Наурызбай батыр және Біржан сал көшелерінің қиылысынан Біржан сал көшесінің басына дейін.
3 3. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарында:
1 1) транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, аудио/бейне) қолдануға, сондай-ақ көпшілік алдында қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, біреуге қатысты зәбір көрсетуге шақыратын сөз сөйлеулерге;
2 2) алкогольдік мастықтың және есірткі әсерінде болуға жол берілмейді.
4 4. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының кауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
1 1) түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе тікелей көрініс шегінде тұруы қажет;
2 2) бір күнде және бір уақытта бір объектіде үштен аспайтын жеке дара пикеттерді өткізуге рұқсат етіледі.
5 5. Пикет өткізу кезінде:
1 1) пикет объектінің маңында тұруға, отыруға;
2 2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
3 3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғайлап айтуға рұқсат етіледі.
6
6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізуге рұқсат беруден Біржан сал ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оған тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.