Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления при тушении пожаров на территориях организаций необходимых сил и средств, горюче-смазочных материалов, а также продуктов питания и мест отдыха для подразделений государственной противопожарной службы, участвующих в выполнении боевых действий по тушению пожаров и привлеченных к тушению пожаров сил

Қаулы · № 801 · қабылданған 17.07.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-12705/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления при тушении пожаров на территориях организаций необходимых сил и средств, горюче-смазочных материалов, а также продуктов питания и мест отдыха для подразделений государственной противопожарной службы, участвующих в выполнении боевых действий по тушению пожаров и привлеченных к тушению пожаров сил Күшін жойған Қаулы ·№ 801 ·17.07.2002
02.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления при тушении пожаров на территориях организаций необходимых сил и средств, горюче-смазочных материалов, а также продуктов питания и мест отдыха для подразделений государственной противопожарной службы, участвующих в выполнении боевых действий по тушению пожаров и привлеченных к тушению пожаров сил

Күшін жойған Қаулы ·№ 801 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления при тушении пожаров на территориях организаций необходимых сил и средств, горюче-смазочных материалов, а также продуктов питания и мест отдыха для подразделений государственной противопожарной службы, участвующих в выполнении боевых действий по тушению пожаров и привлеченных к тушению пожаров сил
Атауы (қаз.)
Өрт сөндiру жөнiндегі жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысатын мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшін ұйымдардың аумақтарында өрт cөндіpy кезiнде қажеттi күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн және демалыс орындарын ұсыну ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
801
Қабылданған күні
17.07.2002
Көрсетілген редакция
02.04.2015 AI12705_6.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P020000801_
ЭКБ идентификаторы
12705
Редакция идентификаторы
AI12705_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:55

0

Өрт сөндiру жөнiндегі жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысатын мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшін ұйымдардың аумақтарында өрт cөндіpy кезiнде қажеттi күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн және демалыс орындарын ұсыну ережесiн бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1

1. Қоса берiлiп отырған Өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысатын мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдардың аумақтарында өрт сөндiру кезiнде қажеттi күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн және демалыс орындарын ұсыну ережесi бекiтiлсiн.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

3 Өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысатын мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдардың аумақтарында өрт сөндіру кезінде қажеттi күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн және демалыс орындарын ұсыну ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 18 шілдедегі
N 801 қаулысымен
бекiтiлген
📌 Ескерту. Ереженің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "өртке қарсы қызмет" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
Өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысатын мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдардың аумақтарында өрт сөндіру кезінде қажеттi күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн және демалыс орындарын ұсыну ережесi

1

1. Ұйымдардың, оның iшiнде филиалдардың, өкiлдiктердiң (бұдан әрi - ұйымдардың) басшылары олардың аумақтарында iрi, күрделi және ұзаққа созылған өрттердi сөндiру, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын орындау кезiнде өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк іс-қимылдарды орындауға қатысатын мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн өрт сөндiру жедел штабының талабы бойынша: инженерлiк техника мен өртке қарсы жабдықтарды; жанар-жағар май материалдарын; тамақ өнiмдерiн; жылытылатын үй-жайларды; ҚТБ-ның телефон байланысын; инженерлiк-техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушi персоналды ұсынады.
Жылытылатын үй-жайлар (төмен температура жағдайында) мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң бос ауысымдағы жеке құрамын жылытуға, құрғақ жауынгерлiк киiмдi ауыстырып киюiне және тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарына қосуға бөлiнедi.
Ұйымдардың инженерлiк-техникалық қызметкерлерi өрт сөндiру басшысының өрттердi сөндiрудi және авариялық-құтқару жұмыстарын орындауды ұйымдастыру жөнiнде шешiмдер қабылдауы үшiн, ал қызмет көрсетушi персонал материалдық құндылықтарды көшiруi үшiн тартылады.
Ұйымдардың қалалық телефон байланысы жергiлiктi атқарушы органдардың өкілдерiн жедел хабардар ету және өзара iс-қимыл жасайтын қызметтермен үздiксiз байланысты ұстап тұру үшiн тегiн пайдаланылады.
Аумағына өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк іс-қимылдарды орындау үшiн мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi тартылған ұйымдардың бiрiншi басшылары немесе оларды ауыстыратын тұлғалар күштер мен құралдарды бередi.
Атқарушы органдар, сондай-ақ ұйымдардың басшылары бекiткен тиiстi қызметтермен өзара іс-қимыл жоспарына және ұйымдардың өрт сөндiру жоспарына сәйкес өрттердi сөндiру әрi авариялық-құтқару жұмыстарын орындау, адамдар мен материалдық құндылықтарды көшiру үшiн инженерлiк техника мен өртке қарсы жабдықтар тартылады.
Оларды жою 3 сағаттан астам уақыт жүзеге асырылатын iрi және күрделi өрттердi сөндiру кезiнде ұйымдардың басшылары өрт бөлiмшелерiнiң жеке құрамын тамақпен және өрт сөндiру техникасы мен авариялық-құтқару жабдықтарының жұмысы үшiн жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз етедi.

2

2. Аумағында өрт шыққан ұйымдардың басшылары мемлекеттік өртке қарсы қызмет органымен бiрлесiп, 3 күн iшiнде келтiрiлген шығындарды анықтау үшiн өрт сөндiру жөнiндегi жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысқан өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi әрi өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұсынылған күштер мен құралдар, жанар-жағар май материалдары, сондай-ақ тамақ өнiмдерi туралы акт жасайды.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30 N 662 қаулысымен .

Қолданыстағы