Құжат мәтініне өту

О базовых ставках налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) города Астаны

Өзге акт · № 325/41-VI · қабылданған 09.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-127063/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О базовых ставках налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) города Астаны Қолданыста Өзге акт ·№ 325/41-VI ·09.11.2018
09.11.2018 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О базовых ставках налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) города Астаны

Қолданыста Өзге акт ·№ 325/41-VI · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О базовых ставках налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) города Астаны
Атауы (қаз.)
Астана қаласының автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемелері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
325/41-VI
Қабылданған күні
09.11.2018
Көрсетілген редакция
09.11.2018 127063_378607.kaz
Соңғы өзгеріс
09.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18AAZ01194
ЭКБ идентификаторы
127063
Редакция идентификаторы
127063_378607
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:40

0 Астана қаласының

автотұрақтар (паркингтер)
орналасқан жерлеріне салықтың
базалық мөлшерлемелері туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 509-бабының 3-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мыналар:

1 1) 1-қосымшаға сәйкес, Астана қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаты;

2 2) 2-қосымшаға сәйкес, автотұрақтардың (паркингтердің) санатына байланысты Астана қаласының автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшері белгіленсін.

2

2. «Астана қаласында автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жер үшін салықтың базалық ставкалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 307/45-V шешімінің (Нормативтік қықықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 877 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қантардағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Астана қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Астана қаласы мәслихатының
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 325/41-VI шешіміне
1-қосымша
Астана қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
Р/с №
Автотұрақтардың (паркингтердің) үлгілері мен түрлері
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты
1.
Ақылы негізде көлік құралдарын сақтау бойынша қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын автотұрақтар (паркингтер)
I санат
2.
Тегін негізде көлік құралдарын сақтау үшін пайдаланылатын автотұрақтар (паркингтер)
II санат
3.
Кідіртілген көлікті сақтау үшін пайдаланылатын автотұрақтар (паркингтер)
III санат

2 Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына байланысты Астана қаласының автотұрақтары (паркингтері) орналасқан жерлерге салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшері

Астана қаласы мәслихатының
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 325/41-VI шешіміне
2-қосымша
Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына байланысты Астана қаласының автотұрақтары (паркингтері) орналасқан жерлерге салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшері
Р/с №
Автотұрақтың (паркингтің) санаты
Тұрғын үй қорының, оның ішінде құрылыстар және құрылғылар орналасқан жерлерді қоспағанда
Астана қаласындағы жерлерге базалық
мөлшерлемесі 1 ш.м. үшін
(теңге)
Қазақстан Республикасы
Салық кодексінің 509-бабының
3-тармағына сәйкес, Астана қаласында автотұрақтар (паркингтер)
орналасқан жерлерге базалық мөлшерлемелерінің ұлғаю мөлшері (рет)
Ұлғаю мөлшерінің есебімен Астана қаласында автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық мөлшерлемесі 1 ш.м. үшін
(теңге)
1.
I санат
19,30
10
193,0
2.
II санат
19,30
1
19,30
3.
III санат
19,30
1
19,30

Қолданыстағы