Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Балхашском районе

Қаулы · № 251 · қабылданған 12.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-127065/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Балхашском районе Қолданыста Қаулы ·№ 251 ·12.12.2018
12.12.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Балхашском районе

Қолданыста Қаулы ·№ 251 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Балхашском районе
Атауы (қаз.)
Балқаш ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
251
Қабылданған күні
12.12.2018
Көрсетілген редакция
12.12.2018 127065_377846.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18DF004962
ЭКБ идентификаторы
127065
Редакция идентификаторы
127065_377846
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:06

0 Балқаш ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Балқаш ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулыны Балқаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Жүнісбеков Жанат Төлегенұлына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Балқаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы «12» желтоқсандағы «Балқаш ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» № 251 қаулысына қосымша

Балқаш ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1)алғыс жариялау;

2 2)грамотамен марапаттау;

3 3)ақшалай сыйақы беру.

2 2. Балқаш ауданының полиция бөлімінің ұсынысы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелері Балқаш ауданы әкімдігімен құрылған комиссиямен қаралады (бұдан әрі – Комиссия).

3 3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

4 4. Көтермелеу түрлері, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшері, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі ескеріле отыра, әдетте, 10 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, Комиссиямен белгіленеді.

5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес, қосымша Балқаш ауданының полиция бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

Қолданыстағы