О переименовании составных частей села Тасты и переименовании улиц села Акмечеть Целиноградского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании составных частей села Тасты и переименовании улиц села Акмечеть Целиноградского района
- Атауы (қаз.)
- Целиноград ауданы Тасты ауылының құрамдас бөліктерін және Ақмешіт ауылының көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 21.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2018 127070_378084.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BQT06931
- ЭКБ идентификаторы
- 127070
- Редакция идентификаторы
- 127070_378084
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:33
0 Целиноград ауданы Тасты ауылының құрамдас бөліктерін және Ақмешіт ауылының көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Тасты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Целиноград ауданы Тасты ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Октябрьская көшесін Сабыр Ниязбеков көшесіне;
Революционная көшесін Мұхтар Әуезов көшесіне;
Интернациональная көшесін Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;
Молодежная көшесін Бауыржан Момышұлы көшесіне;
Луговая көшесін Сарыарқа көшесіне;
Школьная тұйық көшесін Береке тұйық көшесіне;
Дружбы көшесін Алаш көшесіне;
Сенная тұйық көшесін Бірлік тұйық көшесіне.
2 2. Целиноград ауданы Ақмешіт ауылының көшелері қайта аталсын:
Казахстанская көшесін Тәуке хан көшесіне;
Приишимская көшесін Есіл көшесіне;
Школьная көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне.