Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шалкарского района

Өзге акт · № 282 · қабылданған 14.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-127139/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шалкарского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 282 ·14.12.2018
13.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шалкарского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 282 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шалкарского района
Атауы (қаз.)
Шалқар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
282
Қабылданған күні
14.12.2018
Көрсетілген редакция
13.07.2020 127139_471614.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18CM000221
ЭКБ идентификаторы
127139
Редакция идентификаторы
127139_471614
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:02

0

Шалқар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Шалқар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері бекітілсін.

2 2. «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Шалқар аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы шешімді Шалқар аудандық мәслихатының интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Шалқар аудандық мәслихатының

14 желтоқсандағы
№ 282 шешімімен
бекітілген
Шалқар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Шалқар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (әрі қарай – әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

2 2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен – «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

3 3. Өтінішті қабылдау және әлеуметтік қолдауды көрсету нәтижесін беру:

1 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2 2) көрсетілетін қызметті беруші;

3 3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда ауылдық округ әкімі арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

4 4. Әлеуметтік қолдау көрсетудің мерзімі:

1 1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні әлеуметтік қолдау көрсету мерзіміне кірмейді.

5 5. Жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) (әрі қарай – көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік қолдауды алу үшін еркін нысанда жазылған өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

көрсетілетін қызметті берушіге, ауылдық округ әкіміне не Мемлекеттік корпорацияға:

1 1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);

2

3 3) жұмыс орнынан анықтама;

4 4) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.

6 6. Әлеуметтік қолдауды көрсетуден бас тартуға негіз болады:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы 5 тармақта көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

2 2) өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;

3 3) лауазымдарды біріктірген кезде негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі.

3 3. Әлеуметтік қолдау қөрсету мөлшері

7 7. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Қолданыстағы