Құжат мәтініне өту

Об установлении тарифов

Қаулы · № 347 · қабылданған 14.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-127168/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении тарифов Қолданыста Қаулы ·№ 347 ·14.12.2018
14.12.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении тарифов

Қолданыста Қаулы ·№ 347 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении тарифов
Атауы (қаз.)
Тарифтерді белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
347
Қабылданған күні
14.12.2018
Қолданысқа енгізілген күні
04.01.2019
Көрсетілген редакция
14.12.2018 127168_378398.kaz
Соңғы өзгеріс
14.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18GJ004035
ЭКБ идентификаторы
127168
Редакция идентификаторы
127168_378398
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:00

0 Тарифтерді белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына сәйкес Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қаратау қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда жол жүру тарифі барлық жолаушылар үшін – 50 теңге, бастауыш және жоғарғы сынып оқушыларына (1-11 сыныптар) – 30 теңге болып белгіленсін.

2 2. «Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулының Талас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Серік Ералыұлы Дадабаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Талас аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Тулебаев
«__» ____________ 2018 жыл

Қолданыстағы