Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения Меркенского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения Меркенского района
- Атауы (қаз.)
- Меркі ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 507
- Қабылданған күні
- 19.12.2018
- Қолданысқа енгізілген күні
- 04.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2018 127172_378416.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18GF004040
- ЭКБ идентификаторы
- 127172
- Редакция идентификаторы
- 127172_378416
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:59
0 Меркі ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына сәйкес, Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Меркі ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. «Меркі ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» Меркі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы №112 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3061 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 мамырда «Меркі тынысы – Меркенский вестник» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулының Меркі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сүлейменов Мейіржан Шақманұлына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар
көлігі және автомобиль
жолдары басқармасының басшысы
______________Б.Жәнібеков
«__» ____________________ 2018 жыл
10 Меркі ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
Меркі ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «___» ______________
№___ қаулысына қосымша
Меркі ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№
Автомобиль жолдары
Индекс
Атауы
Ұзақтығы
(шақырым)
1.
КН-МК-1
"Аңдас Батыр - Гранитогорск" (0-9,7)
9,7
2.
КН-МК-2
"Сұрат ауылына кірме жол" (0-1,7)
1,7
3.
КН-МК-3
"Сұрат - Тескентоған" (0-4,7)
4,7
4.
КН-МК-4
"Ойтал – Қызыл Қыстақ" (0-18,6)
18,6
5.
КН-МК-5
"Меркі - Талдыбұлақ" (0-3,6)
3,6
6.
КН-МК-6
"Тұрлыбай батыр ауылына кірме жол" (0-6,1)
6,1
7.
КН-МК-7
"Ақтоған – Қазақ Дихан" (0-2,6)
2,6
8.
КН-МК-8
"Қостаған – Қызыл Сай " (0-9,3)
9,3
9.
КН-МК-9
"Қызыл Қыстақ – Арал Қыстақ" (0-3,3)
3,3
10.
КН-МК-10
"Беларық - Аспара" (0-28,6)
28,6
11.
КН-МК-11
"Жауғаш батыр ауылына кірме жол" (0-4)
4
12.
КН-МК-12
"Мыңқазан ауылына кірме жол" (0-0,4)
0,4
13.
КН-МК-13
"Тәтті - Ақжол" (0-2,1)
2,1
14.
КН-МК-14
"Ақкөз-қайнар ауылына кірме жол" (0-1,2)
1,2
Жалпы
95,9