О переименовании села Молодая Гвардия Уалихановского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании села Молодая Гвардия Уалихановского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Молодая Гвардия ауылын қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 359
- Қабылданған күні
- 13.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2018 127230_379334.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18S0005083
- ЭКБ идентификаторы
- 127230
- Редакция идентификаторы
- 127230_379334
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:03
0 Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Молодая Гвардия ауылын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің Молодая Гвардия ауылы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің Жас Ұлан ауылы болып қайта аталсын.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» және «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) коммуналдық мемлекеттік мекемелері мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1 1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;