О некоторых вопросах административно-территориального устройства Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах административно-территориального устройства Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 360
- Қабылданған күні
- 13.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2018 127236_379350.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18S0005085
- ЭКБ идентификаторы
- 127236
- Редакция идентификаторы
- 127236_379350
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:04
0 Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Мағжан Жұмабаев ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 26 қарашадағы қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мағжан Жұмабаев ауданының Фурманов ауылдық округі Мағжан Жұмабаев ауданының Бәйтерек ауылдық округі;
Мағжан Жұмабаев ауданының Октябрь ауылдық округі Мағжан Жұмабаев ауданының Аққайың ауылдық округі;
Мағжан Жұмабаев ауданының Надежка ауылдық округі Мағжан Жұмабаев ауданының Ноғайбай би ауылдық округі;
Мағжан Жұмабаев ауданының Совет ауылдық округі Мағжан Жұмабаев ауданының Алтын дән ауылдық округі;
Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округінің Хлеборобное ауылы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округінің Достық ауылы;
Мағжан Жұмабаев ауданы Фурманов ауылдық округінің Новый быт ауылы Мағжан Жұмабаев ауданы Бәйтерек ауылдық округінің Береке ауылы болып қайта аталсын.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» және «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) коммуналдық мемлекеттік мекемелері мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1 1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;