Құжат мәтініне өту

О переименовании улиц города Серебрянска Зыряновского района

Қаулы · № 420 · қабылданған 22.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-127266/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О переименовании улиц города Серебрянска Зыряновского района Қолданыста Қаулы ·№ 420 ·22.11.2018
22.11.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании улиц города Серебрянска Зыряновского района

Қолданыста Қаулы ·№ 420 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании улиц города Серебрянска Зыряновского района
Атауы (қаз.)
Зырян ауданы Серебрянск қаласының көшелерін қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
420
Қабылданған күні
22.11.2018
Көрсетілген редакция
22.11.2018 127266_380412.kaz
Соңғы өзгеріс
22.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VL000176
ЭКБ идентификаторы
127266
Редакция идентификаторы
127266_380412
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:30

0 Зырян ауданы Серебрянск қаласының көшелерін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 15 маусымдағы қорытындысына сәйкес және Серебрянск қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Зырян ауданының
мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Зырян ауданы Серебрянск қаласының мынадай көшелері:

1 1) Пионерская көшесі Наурыз көшесі болып;

2 2) Октябрьская көшесі Бастау көшесі болып қайта аталсын.

2 2. «Зырян ауданының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бірлескен қаулы және шешімді Зырян ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) әкімнің осы бірлескен қаулыны және шешімі мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрде көшірмесін жіберуді;
3 осы бірлескен қаулы және шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Зырян ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;

4 4) осы бірлескен қаулы және шешім ресми жарияланғаннан кейін Зырян ауданы әкімінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы