Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Мунайлинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Мунайлинскому району
- Атауы (қаз.)
- Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32/341
- Қабылданған күні
- 10.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2023 127301_662425.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18MG003736
- ЭКБ идентификаторы
- 127301
- Редакция идентификаторы
- 127301_662425
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:10
0 Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10030 болып тіркелген) сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. «Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Мұнайлы аудандық мәслихатының
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№32/341 шешіміне қосымша
Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
Коммуналдық қалдықтардың жинақталуының орташа жылдық нормасы /текше метр/
1
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
1,72
2
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
2,19
3
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,27
4
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,935
5
Емханалар
1 келіп кету
0,17
6
Ауруханалар, өзге де емдеу – сауықтыру мекемелері
1 төсек – орын
1,24
7
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,655
8
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
0,685
9
Азық – түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
1 шаршы метр сауда алаңы
0,745
10
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер
1 шаршы метр сауда алаңы
0,495
11
Вокзалдар, автовокзалдар
1 шаршы метр жалпы алаңы
1,24
12
Дәріханалар
1 шаршы метр сауда алаңы
0,235
13
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автокөліктерге жанармай құю станциялары, гараждар
1 машина – орын
1,585
14
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
1,665
15
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
1,19
16
Моншалар, сауналар
1 шаршы метр жалпы алаңы
0,33
17
Жатақханалар
1 орын
0,895