О переименовании улиц в поселке Заводской
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц в поселке Заводской
- Атауы (қаз.)
- Заводской кентінде көшелерді қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 27.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2018 127349_379712.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BBE06949
- ЭКБ идентификаторы
- 127349
- Редакция идентификаторы
- 127349_379712
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:25
0 Заводской кентінде көшелерді қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық онамастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Заводской кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Заводской кентінде көшелер қайта аталсын:
Димитров көшесі Етекбай би көшесіне, Дзержинский көшесі Сарыарқа көшесіне, Комсомольская көшесі Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне, Пионерская көшесі Достық көшесіне, Шахтерская көшесі Кеншілер көшесіне, Горноспасателей көшесі Біржан сал көшесіне, Рудничная көшесі Талғат Бигелдинов көшесіне, Молодежная көшесі Жастар көшесіне, Гоголь көшесі Рақымжан Қошқарбаев көшесіне, Крылов көшесі Мағжан Жұмабаев көшесіне, Чехов көшесі Құрманғазы көшесіне, Герман Титов көшесі Сәкен Сейфуллин көшесіне, Валентина Терешкова көшесі Ілияс Есенберлин көшесіне, Степная көшесі Әлия Молдағұлова көшесіне, Степногорская көшесі Қажымұқан көшесіне, Мир көшесі Бейбітшілік көшесіне, Юрий Гагарин көшесі Қаныш Сәтпаев көшесіне.