Құжат мәтініне өту

Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности

Өзге акт · № 239 · қабылданған 24.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-127404/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности Күшін жойған Өзге акт ·№ 239 ·24.12.2018
12.05.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности

Күшін жойған Өзге акт ·№ 239 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерді белгiлеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
239
Қабылданған күні
24.12.2018
Көрсетілген редакция
12.05.2021 127404_524390.kaz
Соңғы өзгеріс
12.05.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NH008195
ЭКБ идентификаторы
127404
Редакция идентификаторы
127404_524390
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:53

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерді белгiлеу туралы

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен

және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсін.

2 2. Денисов аудандық мәслихатының мынадай:

1

1) «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процентке жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы» 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 61 (2013 жылғы 1 қарашада «Наше время» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4241 болып тіркелген);

2

2) «Мәслихаттың 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 61 «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процентке жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы № 50 шешімдерінің (2014 жылғы 1 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4941 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы