Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Алматинской области

Қаулы · № 607 · қабылданған 24.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-127446/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Алматинской области Қолданыста Қаулы ·№ 607 ·24.12.2018
24.12.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Алматинской области

Қолданыста Қаулы ·№ 607 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Алматинской области
Атауы (қаз.)
Алматы облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
607
Қабылданған күні
24.12.2018
Көрсетілген редакция
24.12.2018 127446_381209.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18D0004976
ЭКБ идентификаторы
127446
Редакция идентификаторы
127446_381209
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:50

0 Алматы облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге

қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін,
сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Алматы облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Алматы облысы әкімдігінің

2018 жылғы «24» декабря
№ 607 қаулысына қосымша
Алматы облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға
ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2. Алматы облысы Полиция департаментінің ұсынысы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Алматы облысының әкімдігі құрған комиссия қарайды (бұдан әрі - Комиссия).
3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып, Комиссия белгілейді және әдетте 10 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Алматы облысының Полиция департаменті бастығының бұйрығы қосымша шығарылады.

Қолданыстағы