Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»

Қаулы · № 344 · қабылданған 20.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-127452/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи» Күшін жойған Қаулы ·№ 344 ·20.12.2018
23.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»

Күшін жойған Қаулы ·№ 344 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
344
Қабылданған күні
20.12.2018
Көрсетілген редакция
23.12.2020 127452_500447.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18E0000009
ЭКБ идентификаторы
127452
Редакция идентификаторы
127452_500447
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:58

0 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3 тармақтарына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

4 4) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Г.Құрманбековаға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Шымкент қаласы әкімдігінің

2018 жылғы «20» желтоқсан
№344 қаулысына
қосымша
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру:

1 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2 2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға қызмет алушының өтініші негіздеме болады.

5 5. Қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің (іс-қимылды) өту кезеңдері:

1

1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі- Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;

2

2) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді немесе көрсетілетін қызметті алушымен не оның өкілімен құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (жиырма минуттан аспайды).
Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;

3 3) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қайта жолдайды (жұмыс күні ішінде);

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);

6 6) орындаушы құжаттарды қарайды, хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде ұсынады;

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды және кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);

8 8) кеңсе қызметкері хабарламаны тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);

9 9) Мемлекеттік корпорация қызметкері хабарламаны тіркейді және хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (он бес минуттан аспайды).

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2 бөлімі 5 тармағында келтірілген.

4 4. Мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8 8. Қызметті портал арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының әрекеттерінің кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) порталда тіркелуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының электрондық–цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған өтініш пен Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды;

2 2) орындаушы электрондық өтініш пен құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) "жеке кабинетіне" құжаттардың қабылданғаны және қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама-есеп жолданады (он бес минуттан аспайды);

3 3) электрондық өтініш пен құжаттарды қабылдағаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы осы регламенттің 5-тармағының 6) – 7) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады;

4 4) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке «кабинетіне» жолдайды.

Портал арқылы қызмет көрсету кезінде қызмет беруші мен қызмет алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібінің диаграммалық түрде сипатталуы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

40 «Тұрғын үй көмегін

тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде әрекет ететін ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы
Шартты белгілер:

41 «Тұрғын үй көмегін

тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның жұ­мыс­шы­сы
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция жұ­мыс­шы­сы
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның жи­нақ­тау сек­то­ры
Қыз­мет бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
Қыз­мет бе­ру­ші­нің бас­шы­лы­ғы
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
Қыз­мет бе­ру­ші­нің бас­шы­лы­ғы
Қыз­мет бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның жи­нақ­та­у­шы сек­то­ры­ның жұ­мыс­шы­сы
Өті­ніш­ті тір­кей­ді, құ­жат­тар­ды қа­был­да­ға­ны жө­нін­де қыз­мет алушы­ға қол­хат бе­ре­ді және қа­был­дан­ған құ­жат­тар­ды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның жи­нақ­тау сек­то­ры­на та­быст­ай­ды
Қыз­мет алушы құ­жат­тар­дың топ­та­ма­сын то­лық ұсын­ба­ған жағ­дай­да құ­жат­тар­ды қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы қол­хат бе­ре­ді
Сол жұ­мыс кү­ні ішін­де құ­жат­тар­ды қыз­мет бе­ру­ші­ге жол­дай­ды
Кел­ген құ­жат­тар­ды ақ­па­рат­тық жүй­е­де бел­гі­лей­ді және тір­кеу жа­сап, 15-ми­нут ішін­де құ­жат­тар­ды бас­шы­лық­қа ұсы­на­ды
30-ми­нут ішін­де жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны ай­қын­дап, құ­жат­тар­ды қа­ра­у­ға жол­дай­ды
Құ­жат­тар­дың то­лық­ты­лы­ғын тек­се­ріп, Стан­дарт­тың 4-тар­ма­ғы­мен бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет нәти­же­сін дай­ын­дап, бас­шы­лық­қа ұсы­на­ды
Сол жұ­мыс кү­ні ішін­де қыз­мет нәти­же­сіне қол қо­яды
Сол жұ­мыс кү­ні ішін­де қыз­мет нәти­же­сін ақ­па­рат­тық жүй­е­де бел­гі­лей оты­рып, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жол­дай­ды
Құ­жат­тар­ды ска­нер­лі штрих­код­тың кө­ме­гі­мен ақ­па­рат­тық жүй­е­де бел­гі со­ға­ды да, сол кү­ні құ­жат­тар­ды бе­ру сек­то­ры­ның жұ­мыс­шы­сы­на қыз­мет алушы­ға бе­ру үшін жол­дай­ды
10
Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторының жұмысшысы
Қызмет алушыға қызметтің нәтижесін береді

Қолданыстағы