Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов в сфере культуры

Бұйрық · № 369 · қабылданған 24.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-127512/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов в сфере культуры Қолданыста Бұйрық ·№ 369 ·24.12.2018
24.12.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых приказов в сфере культуры

Қолданыста Бұйрық ·№ 369 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов в сфере культуры
Атауы (қаз.)
Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
369
Қабылданған күні
24.12.2018
Көрсетілген редакция
24.12.2018 127512_381721.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800018055
ЭКБ идентификаторы
127512
Редакция идентификаторы
127512_381721
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:51

0 Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың күші

жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 6-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 Мыналардың:

1 1) «Фильмнің индексін айқындау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы

12 наурыздағы № 7 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерiді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 7537 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 18 сәуірде № 162-163 (27237) болып жарияланған);

2

2) «Фильм индексін анықтаудың критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 179 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерiді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 14006 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы
12 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы