Об установлении единых ставок фиксированного налога по Илийскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по Илийскому району
- Атауы (қаз.)
- Іле ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35-166
- Қабылданған күні
- 07.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2020 127551_470226.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18DJ004966
- ЭКБ идентификаторы
- 127551
- Редакция идентификаторы
- 127551_470226
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:12
0 Іле ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай
мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Іле ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау Іле аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Іле аудандық мәслихатының
2018 жылғы «7» желтоқсан
«Іле ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» № 35-166 шешіміне қосымша
Іле ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық
төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Рет
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштерімен)
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
6
2
Біреуден артық ойыншылардың қатусуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
10
3
Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер
2
4
Ойын жолы(боулинг)
25
5
Карт
6
6
Бильярд үстелі
10
7
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
15