Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Кокшетау

Қаулы · № А-12/2967 · қабылданған 21.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-127602/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Кокшетау Күшін жойған Қаулы ·№ А-12/2967 ·21.12.2018
24.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Кокшетау

Күшін жойған Қаулы ·№ А-12/2967 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Кокшетау
Атауы (қаз.)
Көкшетау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-12/2967
Қабылданған күні
21.12.2018
Көрсетілген редакция
24.04.2019 127602_401538.kaz
Соңғы өзгеріс
24.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18BA006978
ЭКБ идентификаторы
127602
Редакция идентификаторы
127602_401538
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:57

0 Көкшетау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Көкшетау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Б. Әміреноваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі Ақмола
облысының полиция
департаменті Көкшетау
қаласының полиция басқармасы»
мемлекеттік мекемесі

4 Көкшетау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Көкшетау қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 21 желтоқсандағы
№ А-12/2967 қаулысына
қосымша
Көкшетау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1-тарау. Көтермелеудің түрлері

1 1. Көкшетау қаласы әкімінің алғыс хаты.

2 2. Ақшалай сыйақы.

2 2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

3 3. Осы тәртіп Көкшетау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастыру мәселелерін реттейді.

4 4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.

5

5. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Көкшетау қаласының полиция басқармасы» (бұдан әрі - Көкшетау қаласының ПБ) мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізеледі.

6 6. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

7 7. Ақшалай сыйақыны төлеуді Көкшетау қаласының ПБ облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

8 8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Көкшетау қаласының ПБ бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.

9 9. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, Көкшетау қаласы әкімінің алғыс хатын табыстау Көкшетау қаласының ПБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

10

10. Ақшалай сыйақы мөлшерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен білгіленеді және 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Қолданыстағы