Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос Бухтарминского водохранилища и дельты реки Черный Иртыш на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос Бухтарминского водохранилища и дельты реки Черный Иртыш на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы аумағында Бұқтырма су қоймасының және Қара Ертіс өзені сағасының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 387
- Қабылданған күні
- 25.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2018 127630_381935.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18V0005720
- ЭКБ идентификаторы
- 127630
- Редакция идентификаторы
- 127630_381935
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:48
0 Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы аумағында Бұқтырма су қоймасының және Қара Ертіс өзені сағасының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы аумағында Бұқтырма су қоймасының және Қара Ертіс өзені сағасының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы аумағында Бұқтырма су қоймасының және Қара Ертіс өзені сағасының су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Күршім ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4 4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Қ. Баймағамбетов
2018 жылғы «25» желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің басшысы
______________ Ғ. Сүлейменов
2018 жылғы «25» желтоқсан
12 Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы аумағында Бұқтырма су қоймасының және Қара Ертіс өзені сағасының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2018 жылғы «25» желтоқсандағы
№ 387 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы аумағында Бұқтырма су қоймасының және Қара Ертіс өзені сағасының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Бұқтырма су қоймасы:
Катонқарағай ауданы шекарасынан Күршім өзені сағасына дейінгі учаскесі;
Күршім өзені сағасынан Зайсан көліне дейінгі учаскесі;
уылдырық шашу-өсіру учаскесі;
Зайсан көлінің шығыс жағалауы, Қара Ертіс өзені сағасы;
атауы жоқ бұлақтардың учаскелері:
Қайыңды ауылы
Құйған ауылы
Ақсуат ауылы
Аманат ауылы
Жолнұсқау ауылы
Шеңгелді ауылы
115,0
220,0
14,1
126,4
1,2
2,73
2,35
1,10
1,0
1,04
5151,884
7116,555
1544,8
5818,613
59,596
136,747
113,382
54,613
45,859
42,552
500
500
500
500
500
500
500
500
500
500
120,61
229,13
22,2
135,1
25,11
1,2
3,84
2,35
1,1
1,0
1,04
508,608
968,438
973,6
1351,058
87,885
3,916
13,458
23,379
10,966
9,757
10,098
35
50
50-1000
100
35
35
35
100
100
100
100
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.