Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Костанайской области

Қаулы · № 573 · қабылданған 26.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 26.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-127633/on/2026-08-26/
Басып шығарылды 2026-08-26 · adilet.kz
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Костанайской области Күшін жойған Қаулы ·№ 573 ·26.12.2018
15.07.2026 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
26.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Костанайской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 573 · 26.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
573
Қабылданған күні
26.12.2018
Көрсетілген редакция
15.07.2026 127633_830487.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18N0008213
ЭКБ идентификаторы
127633
Редакция идентификаторы
127633_830487
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:45

0 Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

3 3. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің қағидалары

Әкімдіктің
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 573 қаулысына
1-қосымша
Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің қағидалары

1 1. Осы Қағидалар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібін айқындайды.

2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қостанай облысының әкімдігі құрған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

3 3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Полиция департаменті» (бұдан әрі – облыстың ПД) мемлекеттік мекемесі енгізеді.

4 4. Комиссияның хаттама нысанында қабылдаған шешімі көтермелеу үшін негіз болып табылады.

5 5. Көтермелеудің нақты түрі, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшері Комиссияның хаттамасында көрсетіледі.

6 6. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

7 7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосқан азаматтарға алғыс жариялауды, оларды грамотамен марапаттауды, сондай-ақ ақшалай сыйақы төлеуді облыстың ПД салтанатты түрде жүзеге асырады.

17 Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен ақшалай сыйақының мөлшері

Әкімдіктің
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 573 қаулысына
2-қосымша
Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Алғыс жариялау.

2 2. Грамотамен марапаттау.

3 3. 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде ақшалай сыйақы беру.

Қолданыстағы