Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Каргалинскому району

Қаулы · № 380 · қабылданған 26.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-127670/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Каргалинскому району Күшін жойған Қаулы ·№ 380 ·26.12.2018
13.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Каргалинскому району

Күшін жойған Қаулы ·№ 380 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Каргалинскому району
Атауы (қаз.)
Қарғалы ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
380
Қабылданған күні
26.12.2018
Көрсетілген редакция
13.03.2020 127670_448743.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18CF000184
ЭКБ идентификаторы
127670
Редакция идентификаторы
127670_448743
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:45

0 Қарғалы ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қарғалы ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санынының үш пайызы мөлшерінде ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2

2. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 180 «Қарғалы ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-6-158 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтықактілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Қарғалы аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Төлегеновке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы