Об определении Перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении Перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 375
- Қабылданған күні
- 27.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2023 127680_671277.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18S0005112
- ЭКБ идентификаторы
- 127680
- Редакция идентификаторы
- 127680_671277
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:38
0 Солтүстік Қазақстан облысының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 24 наурыздағы № 85 (2016 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3725 болып тіркелді);
2
2) «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 85 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2018 жылғы 6 маусымдағы № 161 (2018 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4769 болып тіркелді).
3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мыналарды:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы ресми жариялауға жатады және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
______________ В.Бубенко
2018 жылғы __________
11 Солтүстік Қазақстан облысының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 375 қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысының азаматтық қызметшілер болып табылатын
және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі
1 1. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1 1) облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
2 2) облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3 3) облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын: әдістемелік кабинет (орталық) басшысы;
4 4) облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация басшысы;
5 5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (шағын жиынтықты мектептен, мектепке дейінгі білім беру ұйымынан, әдістемелік кабинеттен (орталықтан), психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінен басқа);
6 6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (шағын жинақталған мектептен басқа);
7 7) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық), психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшысы;
8 8) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын: шағын жинақталған мектеп басшысының орынбасары;
9 9) облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімшесінің меңгерушісі (басшысы);
10 10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы;
11 11) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудiң, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері – біліктілігі жоғары, орташа деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
12 12) мұғалім-дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) – біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
13 13) мұғалім-логопед – біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
14 14) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы – біліктілігі жоғары, орташа деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
15 15) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері – біліктілігі жоғары, орташа деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
16 16) тәлімгер – біліктілігі жоғары, орташа деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
17 17) тәрбиеші – біліктілігі жоғары, орташа деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
18 18) әдіскер (негізгі қызметтердің) – біліктілігі жоғары, орташа деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
19 19) дене шынықтыру бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтердің) – біліктілігі жоғары, орташа деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
20 20) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің) – біліктілігі жоғары, орташа деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
21 21) қосымша білім беретін педагог – біліктілігі жоғары, орташа деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
22 22) ұйымдастырушы педагог – біліктілігі жоғары, орташа деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
23 23) педагог-психолог – біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
24 24) әлеуметтік педагог – біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
25 25) зертханашы – біліктілігі жоғары, орташа деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
26 26) жаттықтырушы-оқытушы – біліктілігі жоғары, орташа деңгейлі санаты жоқ мамандар;
27 27) логопед – біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
28 28) психолог – біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
29 29) барлық мамандықтағы дәрігерлер – біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
30 30) мейірбике (мейіргер) – біліктілігі жоғары, орташа деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
31 31) диеталық мейірбике – біліктілігі орташа деңгейлі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
32 32) кітапхана меңгерушісі;
33 33) шеберхана меңгерушісі;
34 34) лагерь басшысы (меңгерушісі);
35 35) интернат басшысы (меңгерушісі);
36 36) әдіскер – біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандар;
37 37) библиограф – біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандар;
38 38) кітапханашы – біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандар;
39 39) аккомпаниатор – біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандар;
40 40) концертмейстер – біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандар;
41 41) мәдени ұйымдастырушы – біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандар;
42 42) хормейстер – біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандар;
43 43) көркемдік жетекші – біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар;
44 44) барлық атаудағы суретшілер – біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандар;
45 45) хореограф – біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар.
46 46) облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас бухгалтері (әдістемелік, психологиялық-медициналық-педагогикалық концультация кабинеттерінен басқа);
47 47) облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас бухгалтерінің орынбасары (әдістемелік, психологиялық-медициналық-педагогикалық концультация кабинеттерінен басқа);
48 48) облыстық маңызы бар орталықтандырылған бухгалтерияның бас бухгалтері;
49 49) облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас бухгалтері: психологиялық-медициналық-педагогикалық концультация;
50 50) аудандық маңызы бар орталықтандырылған бухгалтерияның бас бухгалтері;
51 51) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас бухгалтерінің орынбасары;
52 52) облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас экономисі;
53 53) облыстық маңызы бар орталықтандырылған бухгалтерияның бас экономисі;
54 54) аудандық маңызы бар орталықтандырылған бухгалтерияның бас экономисі;
55 55) бухгалтер;
56 56) экономист;
57 57) мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер.
2 2. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1 1) аудандық аурухананың, аудандық емхананың, аудандық диспансердің басшысы;
2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері:
4
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның клиникалық (сәулелі диагностика, функционалдық диагностика, физиотерапия және емдік дене шынықтыру бөлімшесінің, стоматология кабинетінің немесе бөлімшесінің) және параклиникалық бөлімшелерінің (зертханалардың) меңгерушілері;
5 5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының мейіргер ісі жөніндегі орынбасары;
6 6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімшесінің, қызметінің, бөлімінің (медициналық статистика, ұйымдастырушылық-әдістемелік және статистикалық, ақпараттық-талдау) басшылары;
7 7) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі;
8 8) барлық мамандықтағы дәрігерлер – біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
9 9) кеңейтілген практика мейіргері, провизор (фармацевт) – біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаты және санаты жоқ мамандар;
10
10) денсаулық сақтау саласындағы сарапшы-маман, зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), инженер-медицина физигі, сәулелік жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер, инженер радиохимик – біліктілігі жоғарғы деңгейдегі санаты жоқ мамандар;
11
11) фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), мейіргер, тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы, фармацевт, стоматологиялық гигиенист, оптик және оптикометрист, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, диеталық мейірбике – біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;