О переименования улиц в селах Шайкорык, Капал, станций Шайкорык и уточнение транскрипции улиц в селах Шайкорык, Капал, Танта Жамбылского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименования улиц в селах Шайкорык, Капал, станций Шайкорык и уточнение транскрипции улиц в селах Шайкорык, Капал, Танта Жамбылского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл ауылдық округінің Шайқорық, Шайқорық стансасы, Қапал ауылдарындағы көше атауларын қайта атау және Жамбыл ауылдық округінің Шайқорық, Қапал, Танта ауылдарындағы көше атауларының транскрипциясын нақтылау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 88
- Қабылданған күні
- 30.11.2018
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2018 127740_381709.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18GCH04046
- ЭКБ идентификаторы
- 127740
- Редакция идентификаторы
- 127740_381709
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:18
0 Жамбыл ауылдық округінің Шайқорық, Шайқорық стансасы, Қапал
ауылдарындағы көше атауларын қайта атау және Жамбыл ауылдық
округінің Шайқорық, Қапал, Танта ауылдарындағы көше атауларының
транскрипциясын нақтылау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 4 қыркүйектегі қорытындысы және тиісті аумақ халқының пікірлерін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жамбыл ауылдық округінің Шайқорық, Қапал ауылдарының және Шайқорық стансасының көшелері қайта аталсын.
1 1) Шайқорық ауылы бойынша:
Абай бұрылысын – Балдырған көшесі;
Дінмұхамед Қонаев бұрылысын – Теректі көшесі;
Сапарбай Байжиенов көшесін – Ынтымақ көшесі;
Сапарбай Байжиенов көшесінің бұрылысын – Шалқар көшесі;
Кольцевая көшесін – Қазына көшесі;
Қырман көшесін – Ақбидай көшесі.
2 2) Қапал ауылы бойынша:
Уәлихан Қайназаров көшесінің бұрылысын – Ата мұра көшесі;
Ю. Гагарин көшесін – Игілік көшесі:
3 3) Шайқорық стансасы бойынша көшесі:
Полевая көшесін – Алатау көшесі;
Линейная көшесін – Береке көшесі;
Деповская көшесін – Аққайнар көшесі;
Деповская көшесінің бұрылысын – Ақжол көшесі.
2 2. Жамбыл ауылдық округінің Шайқорық, Қапал, Танта ауылдарындағы көшелердің атауының транскрипциясы нақтылансын.
1 1) Жамбыл ауылдық округі Шайқорық ауылының:
Желтоқсан көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Абай көшесі болып нақтылансын;
Абай мен Сапарбай Байжиенов көшелерінің ортасында орналасқан көше атауының транскрипциясы Желтоқсан көшесі болып нақтылансын;
Әшірмет Ташметов көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Ыбырайым Сүлейменов көшесі болып нақтылансын;
Бейсенбай Сабаев пен Сихымбай баба көшелері ортасында орналасқан көше атауының транскрипциясы Климент Тимирязев көшесі болып нақтылансын;
Телеу мен Қырман көшелері ортасында орналасқан көше атауының транскрипциясы Бәйтерек көшесі болып нақтылансын.
2 2) Жамбыл ауылдық округі Қапал ауылының;
Қапал ауылының орталық көшесі атауының транскрипциясы Тұрар Рысқұлов көшесі болып нақтылансын.
3 3) Жамбыл ауылдық округі Танта ауылының:
Қайрат Рысқұлбеков көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Әлия Молдағұлова көшесі болып нақтылансын;
Танта мен Әлия Молдағұлова көшелері ортасында орналасқан көше атауының транскрипциясы Қайрат Рысқұлбеков көшесі болып нақтылансын;
Д. Қонаев бұрылысы көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Мәншүк Мәметова көшесі болып нақтылансын.