Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Шымкент
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Шымкент
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 368
- Қабылданған күні
- 26.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 06.10.2022 127834_596499.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18E0000013
- ЭКБ идентификаторы
- 127834
- Редакция идентификаторы
- 127834_596499
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:41
0 Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
2 2. «Шымкент қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
4 4) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртайға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Шымкент қалалық полиция
департаменті»
_____________Е.М. Жұмаханбетов
2018 жыл «26» желтоқсан
9 Шымкент қаласы
әкімдігінің
2018 жылғы «26»
желтоқсан
№368 қаулысына
қосымша
Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау
1 1. Көтермелеудiң түрлерi
1 1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:
1 1) алғыс жариялау;
2 2) грамотамен марапаттау;
3 3) ақшалай сыйақы беру.
2 2. Көтермелеудiң тәртiбi
2
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шымкент қалалық полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) қажеттілігіне қарай Шымкент қаласының әкімі аппаратына қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу туралы ұсынысты жолдайды (бұдан әрі – Ұсыныс).
3 3. Шымкент қаласының әкімі аппараты Ұсынысты 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қарайды. Қажет болған жағдайда, әкім аппараты Департаментке пысықтауға жібереді. Өз кезегінде Департамент пысықталған нұсқаны Шымкент қаласының әкімі аппаратына жолдайды.
4
4. Көтермелеу түрлерiн, оның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн және ол немесе оның қатысуымен жолы кесiлген құқыққа қарсы әрекеттiң нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың көлемiн ескере отыра, қоғамдық тәртіпі қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) белгiлейдi.