О повышении ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Железинского района Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Железинского района Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 313/6
- Қабылданған күні
- 28.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 26.10.2022 127897_599099.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18PF006211
- ЭКБ идентификаторы
- 127897
- Редакция идентификаторы
- 127897_599099
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:38
0 Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 50-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
2 2. Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
3. Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы «Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5184 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 шілдеде аудандық «Туған өлке» және «Родные просторы» газеттерінде жарияланған) № 24/6 шешімінің күші жойылды деп танылсын.