О переименовании некоторых сел и сельских округов Целиноградского района Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых сел и сельских округов Целиноградского района Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы Целиноград ауданының кейбір ауылдарын және ауылдық округтерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-12/553
- Қабылданған күні
- 14.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2018 127917_382218.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18B0007006
- ЭКБ идентификаторы
- 127917
- Редакция идентификаторы
- 127917_382218
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:01
0 Ақмола облысы Целиноград
ауданының кейбір ауылдарын
және ауылдық округтерін
қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысының, «Целиноград ауданының ауылдық округтерін және кейбір ауылдарын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы» Целиноград ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № А-5/528 қаулысының және Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 247/36-6 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақмола облысы Целиноград ауданының кейбір ауылдары және ауылдық округтері:
Малотимофеевка ауылы - Аққайың ауылы;
Антоновка ауылы - Опан ауылы;
Краснояр ауылдық округі - Жарлыкөл ауылдық округі;
Красноярка ауылы - Жарлыкөл ауылы;
Максимовка ауылдық округі - Арайлы ауылдық округі;
Максимовка ауылы - Арайлы ауылы;
Фарфоровое ауылы - Ынтымақ ауылы;
Миновка ауылы - Жабай ауылы;
Новоишимка ауылдық округі - Жаңаесіл ауылдық округі;
Новоишимка ауылы - Жаңаесіл ауылы;
Семеновка ауылы - Қарамеңді ауылы деп қайта аталсын.