Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Акмолинской области

Қаулы · № А-12/573 · қабылданған 26.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-127923/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Акмолинской области Күшін жойған 02.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Акмолинской области

Күшін жойған Қаулы № А-12/573 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Акмолинской области
Атауы (қаз.)
Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-12/573
Қабылданған күні
26.12.2018
Көрсетілген редакция
02.09.2026 127923_841055.kaz
Соңғы өзгеріс
02.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18B0006979
ЭКБ идентификаторы
127923
Редакция идентификаторы
127923_841055
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:58
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы
әкімдігінің 02.09.2026 № А-9/361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Ақмола облысының
полиция департаменті»
республикалық мемлекеттік
мекемесі

3 Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Ақмола облысы әкімдігінің
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ А-12/573 қаулысына
қосымша
Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1-тарау. Көтермелеудің түрлері

1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

аудан, Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалалар, облыс әкімінің алғыс хаты;
ақшалай сыйақы болып табылады.
📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 20.09.2022 № А-9/449 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

2. Осы тәртіп Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін аудан, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалалар әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.

📌 Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 20.09.2022 № А-9/449 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Полиция бөлімімен (басқармасымен) (бұдан әрі – ПБ) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

5. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

6. Ақшалай сыйақыны төлеуді ПБ облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

7. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін ПБ бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.

8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, аудан, Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалалар, облыс әкімінің алғыс хатын табыстау ПБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.

📌 Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 20.09.2022 № А-9/449 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

9. Ақшалай сыйақы мөлшерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және 20 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.