О переименования улиц в селе Акбулым Акбулымского сельского округа и уточнение транскрипции улиц в селе Акбулым Акбулымского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименования улиц в селе Акбулым Акбулымского сельского округа и уточнение транскрипции улиц в селе Акбулым Акбулымского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Ақбұлым ауылдық округінің Ақбұлым ауылындағы көшелер атауларын қайта атау және Ақбұлым ауылдық округінің Ақбұлым ауылындағы көшелер атауларының транскрипциясын нақтылау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 41
- Қабылданған күні
- 14.12.2018
- Қолданысқа енгізілген күні
- 19.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2018 127947_382195.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18GCD04068
- ЭКБ идентификаторы
- 127947
- Редакция идентификаторы
- 127947_382195
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:01
0 Ақбұлым ауылдық округінің Ақбұлым ауылындағы көшелер атауларын қайта атау және Ақбұлым ауылдық округінің Ақбұлым ауылындағы көшелер атауларының транскрипциясын нақтылау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 8 қарашадағы қорытындысы және тиісті аумақ халқының пікірлерін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақбұлым ауылдық округінің Ақбұлым ауылының төмендегі көшелері қайта аталсын:
Жібек жолы бұрылысын – Ақтерек көшесі;
Жібек жолы 1-бұрылысын – Түркістан көшесі;
Абай көшесінің 1-бұрылысын – Арғымақ көшесі;
Абай көшесінің 2-бұрылысын – Достық көшесі.
2 2. Ақбұлым ауылдық округінің Ақбұлым ауылындағы көшелердің атауының транскрипциясы нақтылансын:
Ақбұлым ауылының орталық көшесі атауының транскрипциясы Жібек жолы көшесі болып нақтылансын;
Жібек жолы көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Дербіс болыс көшесі болып нақтылансын;
Абай көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Баймырза Бесбаев көшесі болып нақтылансын;
Баймырза Бесбаев пен Жібек жолы көшелері ортасында орналасқан көше атауының транскрипциясы Абай көшесі болып нақтылансын;
Жеңістің 40 жылдығы көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Желтоқсан көшесі болып нақтылансын;
Желтоқсан көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Төрегелді көшесі болып нақтылансын;
Жібек жолы көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Бәйдібек баба көшесі болып нақтылансын;
Бәйдібек баба мен Бес ана көшелері ортасында орналасқан көше атауының транскрипциясы Домалақ ана көшесі болып нақтылансын;
Сарыбұлақ пен Қани Органов көшелері ортасында орналасқан көше атауының транскрипциясы Қарасай батыр көшесі болып нақтылансын;
Жібек жолы 1-бұрылысының сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Жамбыл көшесі болып нақтылансын;
Қарасай батыр көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Қани Органов көшесі болып нақтылансын;
Бәйдібек баба көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Қайрат Рысқұлбеков көшесі болып нақтылансын;
Жібек жолы көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Тұрсынбек Дүйсенбаев көшесі болып нақтылансын;
Домалақ ана көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Бес ана көшесі болып нақтылансын.