О схеме зонирования земель для целей налогообложения и процентах повышения (понижения) базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О схеме зонирования земель для целей налогообложения и процентах повышения (понижения) базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Салық салу мақсатында жерді аймаққа бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 326/41-VI
- Қабылданған күні
- 09.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 09.11.2018 127991_385103.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18AAZ01197
- ЭКБ идентификаторы
- 127991
- Редакция идентификаторы
- 127991_385103
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:40
0 Салық салу мақсатында жерді аймаққа бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 9-бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Салық салу мақсатында аймаққа бөлу схемасы және аймақтар шекарасының сипаттамасы 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2 2. Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Аталған жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары автотұрақтар (паркингтер) және автокөлікке жанармай құю станциялары орналасқан жер учаскелеріне таралмайды.
3
3. «Жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары және салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 94/11-V шешімінің (Нормативтік қықықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 763 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қантардағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Астана қаласы мәслихатының
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 326/41-VI шешіміне
1-қосымша
2 Астана қаласы мәслихатының
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 326/41-VI шешіміне
2-қосымша
Р/с
№
Аймақтың және кіші аймақтың №
Аймақтардың шекаралары
1
2
3
1.
1-1
Аймақтың солтүстік шекарасы Бөгенбай батыр даңғылы мен Ш. Уәлиханов көшесінің қиылысынан басталады, одан әрі Ш. Уәлиханов көшесі бойынша оңтүстікке қарай М. Лермонтов көшесіне дейін; М. Лермонтов көшесі бойынша батысқа қарай Тараз көшесіне дейін; Тараз көшесі бойынша А. Иманов көшесіне дейін; А. Иманов көшесі бойынша батыс бағытта Ш. Уәлиханов көшесіне дейін; Ш. Уәлиханов көшесі бойынша А. Кравцов көшесіне дейін; А. Кравцов көшесі бойынша оңтүстік-шығыс бағытта А. Пушкин көшесіне дейін; А. Пушкин көшесі бойынша солтүстік-шығыс жаққа Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейін; Ш. Құдайбердіұлы даңғылы бойынша оңтүстік-шығыс жаққа қарай Бекарыс көшесіне дейін; Бекарыс көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай Сілеті көшесіне дейін; Сілеті көшесі бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Тұлпар көшесіне дейін; Тұлпар көшесі бойынша оңтүстікке қарай Абылай хан даңғылына дейін; Абылай хан даңғылы бойынша солтүстік-батысқа қарай Арқайым көшесіне дейін; Арқайым көшесі бойынша Талғар көшесіне дейін; Талғар көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай Қ. Сәтбаев көшесіне дейін; Қ. Сәтбаев көшесі бойынша солтүстік-батысқа қарай Қарқабат көшесіне дейін; Қарқабат көшесі бойынша солтүстік-батысқа қарай Балқантау көшесіне дейін; Балқантау көшесі бойынша солтүстікке қарай Жайдарман көшесіне дейін; Жайдарман көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылы бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Майқайын көшесіне дейін; Майқайын көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай Дауылпаз көшесіне дейін; Дауылпаз көшесі бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Ақыртас көшесіне дейін; Ақыртас көшесі бойынша шығысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылы бойынша оңтүстікке қарай Қарасаз көшесіне дейін; Қарасаз көшесі бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Айнакөл көшесіне дейін; Айнакөл көшесі бойынша шығысқа қарай Сарыкөл көшесіне дейін; Сарыкөл көшесі бойынша оңтүстікке қарай А. Байтұрсынов көшесіне дейін; А. Байтұрсынов көшесі бойынша батысқа қарай жобаланып отырған көшеге дейін; жобаланып отырған көше бойынша оңтүстікке қарай Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін; Ш. Қалдаяқов көшесі бойынша батысқа қарай жобаланып отырған Тәуелсіздік даңғылына дейін; жобаланып отырған Тәуелсіздік даңғылы бойынша оңтүстікке қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзені бойынша солтүстікке қарай жобаланып отырған көшеге дейін; жобаланып отырған көше бойынша оңтүстік-батысқа қарай Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін; Керей, Жәнібек хандар көшесі бойынша батысқа қарай Тұран даңғылына дейін; Тұран даңғылы
1
2
3
бойынша солтүстікке қарай Сығанақ көшесіне дейін; Сығанақ көшесі бойынша батысқа қарай жобаланып отырған көшеге дейін; жобаланып отырған көше бойынша солтүстікке қарай Сарайшық көшесіне дейін; жобаланып отырған Сарайшық көшесі бойынша солтүстік-батыс бағытта Есіл өзеніне дейін; Есіл өзені бойынша шығысқа қарай, одан әрі солтүстікке қарай Кенесары көшесіне дейін; Кенесары көшесі бойынша шығысқа қарай К. Күмісбеков көшесіне дейін; К. Күмісбеков көшесі бойынша солтүстікке қарай Бөгенбай батыр даңғылына дейін; Бөгенбай батыр даңғылы бойынша шығысқа қарай Ш. Уәлиханов көшесіне дейін
1-2
Индустриялық парктің аумағы
2.
2-1
Аймақтың солтүстік шекарасы Қарталы көшесі мен теміржол төсемінің қиылысынан басталады; теміржол бойынша оңтүстік-шығыс бағытта Р. Қошқарбаев даңғылына дейін; Р. Қошқарбаев даңғылы бойынша оңтүстік-батысқа қарай М. Төлебаев көшесіне дейін; М. Төлебаев көшесі бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Қобыз көшесіне дейін; Қобыз көшесінен оңтүстік-батысқа қарай Сарын көшесіне дейін; Сарын көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай Қордай көшесіне дейін; Қордай көшесі бойынша оңтүстікке қарай Шарбақты көшесінің жалғасына дейін; Шарбақты көшесінен оңтүстікке қарай бау-бақша қоғамы шекарасы бойынша Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің арнасы бойынша оңтүстікке қарай Нұра Есіл арнасына дейін; Нұра Есіл арнасы бойынша оңтүстік-батыс бағытта Қабанбай батыр даңғылына дейін; Қабанбай батыр даңғылы бойынша солтүстік-батысқа қарай Қарқаралы көшесіне дейін; Қарқаралы көшесі бойынша оңтүстікке қарай Тұран даңғылына дейін; Тұран даңғылы бойынша солтүстікке қарай Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін; Керей, Жәнібек хандар көшесі бойынша оңтүстік-шығысқа қарай № 37 (жобалық атауы) көшесіне дейін; № 37 (жобалық атауы) көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзені бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылы бойынша солтүстікке қарай Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін; Ш. Қалдаяқов көшесі бойынша шығысқа қарай № 23-13 (жобалық атауы) көшесіне дейін; № 23-13 (жобалық атауы) көшесі бойынша солтүстікке қарай А. Байтұрсынов көшесіне дейін; А. Байтұрсынов көшесі бойынша шығысқа қарай № 23-8 (жобалық атауы) көшесіне дейін; № 23-8 (жобалық атауы) көшесі бойынша солтүстікке қарай Айнакөл көшесіне дейін; Айнакөл көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай Қарасаз көшесіне дейін; Қарасаз көшесі бойынша батысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылы бойынша солтүстікке қарай Ақыртас көшесіне дейін; Ақыртас көшесі бойынша солтүстік-батысқа қарай Дауылпаз көшесіне дейін; Дауылпаз көшесі бойынша солтүстік-батысқа қарай Майқайын көшесіне дейін; Майқайын көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін; Тәуелсіздік даңғылы бойынша солтүстікке қарай Жайдарман көшесіне дейін; Жайдарман көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай Балқантау көшесіне дейін; Балқантау көшесі бойынша оңтүстікке қарай Қарқабат көшесіне дейін; Қарқабат көшесі бойынша солтүстік-шығыс бағытта Қ. Сәтбаев көшесіне дейін; Қ. Сәтбаев көшесі бойынша оңтүстікке қарай Талғар көшесіне дейін; Талғар көшесі бойынша М. Төлебаев көшесіне дейін; М. Төлебаев көшесінен солтүстік-шығысқа қарай Арқайым көшесіне дейін; Арқайым көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай Абылай хан даңғылына дейін; Абылай хан даңғылы бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Тұлпар көшесіне дейін; Тұлпар көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай Сілеті көшесіне дейін; Сілеті көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай Бекарыс көшесіне дейін; Бекарыс көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейін; Ш. Құдайбердіұлы даңғылы бойынша батысқа қарай А. Пушкин көшесіне дейін; А. Пушкин көшесі бойынша
1
2
3
қарай А. Кравцов көшесіне дейін; А. Кравцов көшесі бойынша батысқа қарай Ш. Уәлиханов көшесіне дейін; Ш. Уәлиханов көшесі бойынша солтүстікке қарай А. Иманов көшесіне дейін; А. Иманов көшесі бойынша шығысқа қарай Тараз көшесіне дейін; Тараз көшесі бойынша солтүстікке қарай М. Лермонтов көшесіне дейін; М. Лермонтов көшесі бойынша батысқа қарай Ш. Уәлиханов көшесіне дейін; Ш. Уәлиханов көшесі бойынша солтүстікке қарай Бөгенбай батыр даңғылына дейін; Бөгенбай батыр даңғылы бойынша батысқа қарай жобаланып отырған К. Күмісбеков көшесіне дейін; К. Күмісбеков көшесі бойынша оңтүстікке қарай Кенасары көшесіне дейін; Кенасары көшесі бойынша батысқа қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзені бойынша солтүстік-батысқа қарай Ш. Айтматов көшесіне дейін; Ш. Айтматов көшесі бойынша солтүстік бағытта «Достық» гараждар кооперативі бойымен, кейін оңтүстік-шығысқа қарай жобаланып отырған № 187 (жобалық атауы) көшесінен Сарыбұлақ арнасына дейін; Сарыбұлақ арнасы бойынша солтүстікке қарай Н. Тілендиев даңғылына дейін; Н. Тілендиев даңғылы бойынша солтүстік-батысқа қарай Қарталы көшесіне дейін; Қарталы көшесі бойынша солтүстікке қарай Ақан сері көшесіне дейін; Ақан сері көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай, одан әрі К. Бәйсейітова көшесінің бағыты брйынша; К. Бәйсейітова көшесі бойынша солтүстікке қарай Конституция көшесіне дейін; Конституция көшесі бойынша батысқа қарай Ш. Бөкеев көшесіне дейін; одан әрі солтүстік-шығысқа қарай Ш. Бөкеев көшесі бойынша теміржол төсемінің қиылысы бар Қарталы көшесіне дейін
2-2
Аймақтың солтүстік шекарасы Кенесары көшесі мен Есіл өзенінің қиылысынан басталады; Есіл өзені бойынша оңтүстік-шығыс бағытта Ноғайлы көшесіне дейін; Ноғайлы көшесі бойынша солтүстік-шығысқа қарай, кейін жобаланып отырған көше бойынша солтүстікке қарай Есіл өзеніне дейін
2-3
Үй құрылысы аумағымен іргелес Гольф-клуб аумағының ауданы
3.
3-1
Аймақтың солтүстік шекарасы жобаланып отырған Көктал көшесі мен теміржол төсемінің қиылысынан басталады; теміржол төсемі бойынша оңтүстік-шығыс бағытта Қарталы көшесіне дейін; Қарталы көшесі бойынша оңтүстікке қарай Р. Дүйсенбаев көшесіне дейін; Р. Дүйсенбаев көшесі бойынша солтүстік-батысқа қарай Ш. Бөкеев көшесіне дейін; Ш. Бөкеев көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай жобаланып отырған Конституция көшесінің жалғасына дейін; Конституция көшесі бойынша шығысқа қарай К. Бәйсейітова көшесіне дейін; К. Бәйсейітова көшесі бойынша оңтүстікке қарай, одан әрі Ақан сері көшесі бағыты бойынша; Ақан сері көшесі бойынша оңтүстік бағытта Қарталы көшесіне дейін; Қарталы көшесі бойынша оңтүстікке қарай Н. Тілендиев даңғылына дейін; Н. Тілендиев даңғылы бойынша Сарыбұлақ арнасына дейін; Сарыбұлақ арнасы бойынша оңтүстікке қарай № 187 (жобалық атауы) көшесіне дейін; № 187 (жобалық атауы) көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай «Достық» гараждар кооперативінің бойымен; Ш.Айтматов көшесі бойынша Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің арнасы бойынша оңтүстік-шығыс бағытта Кенесары көшесінің жалғасына дейін; Кенесары көшесі бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Ноғайлы көшесіне дейін; Ноғайлы көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай Есіл өзеніне дейін; Есіл өзені бойынша батыс бағытта Е246 (жобалық атауы) көшесіне дейін; Е246 (жобалық атауы) көшесі бойынша оңтүстікке қарай Е250 (жобалық атауы) көшесіне дейін; Е250 (жобалық атауы) көшесі бойынша оңтүстікке қарай Е10 (жобалық атауы) көшеге дейін; Е10 (жобалық атауы) көшесіне бойынша шығысқа қарай Тұран даңғылына дейін; Тұран даңғылы бойынша оңтүстік бағытта № 31 (жобалық атауы) көшесіне дейін; № 31
1
2
3
(жобалық атауы) көшесі бойынша батыс бағытта Е102 (жобалық атауы) көшесіне дейін; Е102 (жобалық атауы) көшесі бойынша солтүстікке қарай Е10 (жобалық атауы) көшесіне дейін; Е10 (жобалық атауы) көшесі бойынша батысқа қарай Ш. Айтматов көшесіне дейін; Ш. Айтматов көшесі бойынша Қорғалжын тас жолымен қиылысына дейін; Қорғалжын тас жолынан солтүстікке қарай жобаланып отырған көше бойынша Есіл өзеніне дейін; Есіл өзенінің арнасы бойынша батысқа қарай Көктал тұрғын алабына дейін; Көктал тұрғын алабының шекарасы бойынша солтүстікке қарай Н. Тілендиев даңғылына дейін; Н. Тілендиев даңғылы бойынша шығысқа қарай Баршын көшесімен қиылысына дейін; Баршын көшесі бойынша солтүстікке қарай № 20-40 (жобалық атауы) көшесіне дейін; № 20-40 (жобалық атауы) көшесі бойынша шығысқа қарай Көктал көшесіне дейін; Көктал көшесі бойынша солтүстікке қарай теміржол төсемімен қиылысына дейін
3-2
Аймақтың оңтүстік шекарасы Қарталы көшесі мен теміржол төсемінің қиылысынан басталады; одан әрі теміржол төсемі бойынша № С349 (жобалық атауы) көшесіне дейін; № С349 (жобалық атауы) көшесі бойынша шығысқа қарай С314 (жобалық атауы) көшесіне дейін; С314 (жобалық атауы) көшесі бойынша оңтүстікке қарай Алаш тас жолына дейін; Алаш тас жолы бойынша оңтүстік-батысқа қарай № 69 (жобалық атауы) көшесіне дейін, № 69 (жобалық атауы) көшесі бойынша оңтүстік-шығысқа қарай Ақ-бұлақ өзеніне дейін; Ақ-бұлақ өзені бойынша оңтүстік-батыс бағытта теміржолмен қиылысына дейін; теміржол бойынша оңтүстік-шығысқа қарай № 1 Индустриалық парктің сыртқы шекарасы бойымен теміржолға дейін; теміржол бойынша батыс бағытта Қарталы көшесіне дейін
3-3
Промышленный тұрғын алабының аумағы Интернациональный тұрғын алабының шекарасына дейін оңтүстікке қарай Есіл өзені бойымен
3-4
Тельман тұрғын алабының аумағы
3-5
Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы
3-6
Теміржол көлігі объектісі алып отырған жерлер (теміржол, теміржол торабы, тұйық)
4.
4-1
Аймақтың солтүстік шекарасы С349 (жобалық атауы) көшесі мен теміржолдың қиылысынан басталады; теміржол бойынша оңтүстік-шығысқа қарай теміржолдың басқа тармағымен қиылысына дейін; одан әрі теміржол тармағы бойынша солтүстік-батысқа қарай Көктал көшесіне дейін; Көктал көшесі бойынша оңтүстікке қарай № 20-40 (жобалық атауы) көшесіне дейін; № 20-40 (жобалық атауы) көшесі бойынша батысқа қарай Қайнар көшесіне дейін; Қайнар көшесі бойынша батысқа қарай, одан әрі солтүстік-шығысқа қарай, оңтүстік-шығысқа қарай, солтүстікке қарай, солтүстік-батысқа қарай және солтүстікке қарай теміржолға дейін; теміржол бойынша оңтүстік-батысқа қарай жобаланып отырған С349 (жобалық атауы) көшесімен қиылысына дейін
1
2
3
4-2
Аймақтың солтүстік шекарасы Қабанбай батыр даңғылы мен Нұра-Есіл арнасының қиылысынан басталады; одан әрі Нұра-Есіл арнасы бойынша солтүстік-шығысқа қарай; одан әрі шығыс және солтүстік бағытта Тельман тұрғын алабының аумағын айнала отырып, Есіл өзеніне қарай; Есіл өзені бойынша шығыс бағытта жобаланып отырған № 229 (жобалық атауы) көшесіне қарай; жобаланып отырған № 229 (жобалық атауы) көшесі бойынша оңтүстік-батысқа қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін; Қабанбай батыр даңғылы бойынша солтүстік-батысқа қарай; одан әрі батыс бағытта Пригородный тұрғын алабын айнала отырып, Нұра-Есіл арнасына дейін; Нұра-Есіл арнасы бойынша солтүстікке қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін
4-3
Железнодорожный және Интернациональный тұрғын алаптарының аумағы
5.
5-1
Аймақтың сыртқы шекарасы айналма жолдың (Қарағанды-Астана тас жолына дейінгі Астрахан тас жолының ауданы) бойымен өтеді; ішкі шығыс шекарасы № 4 (Железнодорожный тұрғын алабының ауданы) аймақтың сыртқы шекарасы бойынша; одан әрі батысқа қарай № 3 аймақтың сыртқы шекарасы бойынша; одан әрі № 4 аймақтың батыс бағытында
5-2
Аймақтың солтүстік шекарасы (Астрахан трассасының ауданы) № 4 аймақтың сыртқы шекарасы бойынша өтеді; одан әрі оңтүстік-шығысқа қарай № 3 аймақтың сыртқы шекарасы бойынша Тұран даңғылына дейін; одан әрі № 2 аймақтың сыртқы шекарасы бойынша оңтүстік бағытта; № 4 аймақтың сыртқы шекарасы бойынша Пригородный тұрғын алабының ауданында оңтүстік-шығыс бағытта; аймақтың шығыс сыртқы шекарасы аймақтың солтүстік шекарасына дейін айналма жолының (Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының ауданы) бойымен өтеді
5-3
Аймақтың солтүстік шекарасы № 4 (Интернациональный тұрғын алабының ауданы) аймақтың сыртқы шекарасы бойынша, оңтүстік шекарасы – № 4 аймақтың сыртқы шекарасы, батыста – № 3 (Промышленный тұрғын алабының ауданы) аймақтың сыртқы шекарасы, шығыс шекарасы № 229 айналма жолы бойынша өтеді
5-4
Мичурино тұрғын алабының аумағы
6.
6-1
Мичурино тұрғын алабы ауданынан басқа айналма жолдың сыртындағы Астана қаласының аумағы.
6-2
Оңтүсік-шығыс бөлігіндегі Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы учаскесіне іргелес аумақ оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аумақ және Астана қаласы шекарасының сыртында жолақты учаскелер арқылы өтетін аумақ
3 Астана қаласы мәслихатының
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 326/41-VI шешіміне
3-қосымша
Р/с №
Аймақтардың нөмірлері
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру (+),
азайту (-) пайыздары
1.
1
+50
2.
2
+40
3.
3
+20
4.
4
0
5.
5
-30
6.
6
-50