Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил создания, утверждения, хранения, применения и сличения государственных эталонов единиц величин и эталонов единиц величин субъектов аккредитации

Бұйрық · № 927 · қабылданған 27.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128018/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил создания, утверждения, хранения, применения и сличения государственных эталонов единиц величин и эталонов единиц величин субъектов аккредитации Қолданыста Бұйрық ·№ 927 ·27.12.2018
27.12.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил создания, утверждения, хранения, применения и сличения государственных эталонов единиц величин и эталонов единиц величин субъектов аккредитации

Қолданыста Бұйрық ·№ 927 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил создания, утверждения, хранения, применения и сличения государственных эталонов единиц величин и эталонов единиц величин субъектов аккредитации
Атауы (қаз.)
Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
927
Қабылданған күні
27.12.2018
Көрсетілген редакция
27.12.2018 128018_383153.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800018081
ЭКБ идентификаторы
128018
Редакция идентификаторы
128018_383153
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:40

0 Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру қағидаларын бекіту туралы

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

0 Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 927 бұйрығымен
бекітілді
Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру қағидаларын бекіту туралы

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілерінің шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бiрлiктерiнiң эталондарын жасау, бекiту, сақтау, қолдану және салғастыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидалар шама бірліктерінің эталондарын қолданатын уәкілетті орган, мемлекеттік органдар, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО) және заңды тұлғалар қолдануы үшін арналған.

3

3. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары шама бірліктерін (шама бірліктерінің еселік немесе үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған және олардың мөлшерін Қазақстан Республикасының аумағындағы шама бірліктерінің эталондарына, осы шамалардың өлшем құралдарына беру мақсатында пайдаланылады.

4 4. Аккредиттеу субъектілерінің шама бірліктерінің эталондары олардың мөлшелерін осы шамалардың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында шама бірліктерін (шама бірліктерінің еселік немесе үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналады.

5 5. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары мен аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарының құрамы мынадай өлшем құралдары мен құрылғыларды қамтиды, олардың көмегімен:

1 1) шама бірлігін жаңғыртады, сақтайды, береді;

2 2) өлшем шарттары мен жаңғыртылатын және сақталатын шама бірлігі өлшемінің өзгермеуін бақылайды;

3 3) өлшем нәтижелерін автоматты тіркеуді, өңдеуді және (немесе) беруді жүзеге асырады.

2 2-тарау. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау тәртібі

6 6. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау үшін негіз:

1 1) тиісті өлшем түрін метрологиялық қамтамасыз ету үшін шама бірлігінің эталонына қажеттілік;

2 2) шама бірлігінің эталонын жасаудың техникалық талаптары мен орындылығы және олармен қажетті дәлдікпен жаңғыртылатын шама бірлігінің мөлшерін беру;

3 3) эталонды уақытынан бұрын тозудан қорғау қажеттілігі;

4 4) салғастырулар жолымен шама бірлігінің эталонымен жаңғыртылатын шама бірлігі мөлшерінің өзгермеуін бақылаудың қажеттілігі;

5 5) өлшемдерді бақылап тексеруді қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады.

7

7. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары, шама бірліктері эталондарының метрологиялық және техникалық сипаттамаларына қойылатын талаптарды белгілейтін техникалық тапсырмаға сәйкес, сондай-ақ оларды жасау кезеңдері «Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Мемлекеттік шама бірліктері эталондарын құру, бекіту, тіркеу, салғастыру, калибрлеу, сақтау, қолдану, зерттеу, жетілдіру (жаңғырту) мен мемлекеттік өлшем бірлігі эталондарынан шама бірліктерін беру тәртібі» ҚР СТ 2.431 (бұдан әрі – ҚР СТ 2.431) сәйкес құрылады.

8 8. Аккредиттеу субъектілерінің шама бірліктерінің эталондары метрологиялық және техникалық сипаттамаларға қойылатын талаптарды белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық тапсырмаға немесе құжатқа сәйкес құрылады.

3 3-тарау. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын бекіту тәртібі

9 9. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын, оларды МҒМО-ның ұсынуы бойынша уәкілетті орган бекітеді.

10 10. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын бекіту үшін құжаттарды ұсыну ҚР СТ 2.431 сәйкес жүзеге асырылады.

11 11. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган құжаттарды ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

12 12. Қарау нәтижесі оң болған жағдайда уәкілетті орган шама бірлігінің мемлекеттік эталонын бекіту туралы шешім қабылдайды.

13 13. Нәтижесі теріс болған жағдайда уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды пысықтауға қайтарады.

14

14. МҒМО-ның ұсынымы бойынша уәкілетті орган мемлекеттік саннан шама бірліктерінің бұрын бекітілген мемлекеттік эталонын алып тастайды және/немесе эксперименттік зерттеулердің нәтижелері бойынша немесе метрологиялық сипаттамалары жоғары жаңа мемлекеттік эталонды жасау және бекіту жағдайында ғана төменгі разрядқа ауыстырады.

15 15. Бекітілген шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары Заңның 6-2-бабының 17) тармақшасына сәйкес бекітілетін өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіпте тізілімде тіркеуге жатады.

16 16. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге және (немесе) калибрлеуге аккредиттелген аккредиттеу субъектілері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша шама бірліктері эталондарының тізбесін қалыптастырады және бекітеді және оны МҒМО-ға жібереді.

17 17. Аккредиттеу субъектілері бекітілген шама бірліктері эталондарының тізбесіне өзгерістер енгізген жағдайда өзгерістер енгізілген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде МҒМО-ға тиісті мәліметтерді жібереді.

4 4-тарау. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын сақтау және қолдану тәртібі

18 18. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары шама бірліктерінің өлшемдерін жаңғыртумен, сақтаумен және берумен байланысты жұмыстар үшін, шама бірліктерінің эталондарын салғастыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін қолданылады.

19 19. Мемлекеттік эталонды сақтау және жаңғырту бойынша жұмыстар ҚР СТ 2.431 сәйкес, аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондары пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа немесе техникалық сипаттаманың тиісті бөліміне сәйкес сақталады және қолданылады.

20 20. Аккредиттеу субъектілері шама бірлігінің эталонында жүргізілген жұмыстар, оның ішінде профилактикалық және жөндеу жұмыстары тіркелетін журналды жүргізуді жүзеге асырады.

5 5-тарау. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын салғастыру тәртібі

21 21. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары Халықаралық өлшем және салмақ бюросының шама бірліктерінің эталондарымен және басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарымен салғастыруға жатады.

22 22. Аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондары ГОСТ 17043 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» мемлекетаралық стандартында белгіленген тәртіпке сәйкес салғастыруға жатады.

1 Шама бірліктері эталондарының тізбесі

Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру қағидаларына
қосымша
нысан
БЕКІТЕМІН
____________________________
Аккредиттеу субъектісінің басшысы
________ ___________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ жылғы «____» _____________
Мөр орны (бар болса)
Шама бірліктері эталондарының тізбесі
_________________________________________________
аккредиттеу субъектісінің атауы
Шама бірлігі эталонының атауы
Шама бірлігі эталонының
құрамы
Өлшемдер диапазоны
Шама бірлігі эталонының метрологиялық сипаттамалары
(кеңейтілген белгісіздік)
Калибрлеуге арналған құжат, калибрлеу аралығы
Соңғы калибрлеуді жүргізу күні мен орны
Шама бірлігін бақылап тексеру
1
2
3
4
5
6
7

Қолданыстағы