Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Актогайском районе

Қаулы · № 285 · қабылданған 25.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128027/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Актогайском районе Қолданыста Қаулы ·№ 285 ·25.12.2018
25.12.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Актогайском районе

Қолданыста Қаулы ·№ 285 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Актогайском районе
Атауы (қаз.)
Ақтоғай ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
285
Қабылданған күні
25.12.2018
Көрсетілген редакция
25.12.2018 128027_382791.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18PD006214
ЭКБ идентификаторы
128027
Редакция идентификаторы
128027_382791
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:46

0 Ақтоғай ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақтоғай ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Ақтоғай ауданының полиция бөлімі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Павлодар облысының полиция департаменті
Ақтоғай ауданының полиция бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________С.Жарылғапов

5 Ақтоғай ауданындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Ақтоғай ауданы әкiмдiгiнiң
2018 жылғы «25» желтоқсандағы
№ 285 қаулысына
қосымша
Ақтоғай ауданындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

1 1) Ақтоғай ауданы әкімінің құрмет грамотасы;

2 2) Ақтоғай ауданы әкімінің алғыс хаты;

3 3) ақшалай сыйақы;

4 4) құнды сыйлық.

2 2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

1 1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;

2

2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының полиция департаменті Ақтоғай ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Ақтоғай ауданының ПБ) енгізеді;

3 3) Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;

4 4) Ақтоғай ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

5 5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Ақтоғай ауданы әкімінің құрмет грамотасын, Ақтоғай ауданы әкімінің алғыс хатын, ақшалай сыйақы, құнды сыйлықтар беруді Ақтоғай ауданының ПБ жүзеге асырады.

Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.

Қолданыстағы