О переименовании некоторых административно-территориальных единиц Глубоковского, Бородулихинского районов Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых административно-территориальных единиц Глубоковского, Бородулихинского районов Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Глубокое, Бородулиха аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 356
- Қабылданған күні
- 06.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2018 128028_383416.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18V0005718
- ЭКБ идентификаторы
- 128028
- Редакция идентификаторы
- 128028_383416
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:14
0 Шығыс Қазақстан облысы
Глубокое, Бородулиха аудандарының
кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін
қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының
2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, «Облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныс енгізу туралы» Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/14-VI шешімі және Глубокое аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 142 қаулысы, «Бородулиха ауданының елді мекендері мен елді мекендердің көшелерін қайта атау туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 маусымдағы № 23-7-VI шешімі және Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 144 қаулысы негізінде облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 15 маусымдағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое, Бородулиха аудандарының кейбір әкімшілік–аумақтық бірліктері:
Глубокое ауданы бойынша:
Калинин ауылдық округі Берёзовка ауылдық округі болып;
Киров ауылдық округі Ертіс ауылдық округі болып;
Куйбышев ауылдық округі Быструха ауылдық округі болып;
Фрунзе ауылдық округі Тархан ауылдық округі болып;
Бородулиха ауданы бойынша:
Құнарлы ауылдық округінің Вторая Пятилетка ауылы Жарбұлақ ауылы болып;
Подборный ауылдық округінің Романовка ауылы Жақсылық ауылы болып қайта аталсын.