Құжат мәтініне өту

Об определении размера обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства за один гектар по Жамбылской области

Қаулы · № 267 · қабылданған 24.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128055/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении размера обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства за один гектар по Жамбылской области Қолданыста Қаулы ·№ 267 ·24.12.2018
25.02.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства за один гектар по Жамбылской области

Қолданыста Қаулы ·№ 267 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства за один гектар по Жамбылской области
Атауы (қаз.)
Жамбыл облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
267
Қабылданған күні
24.12.2018
Қолданысқа енгізілген күні
21.01.2019
Көрсетілген редакция
25.02.2021 128055_512102.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18G0004066
ЭКБ идентификаторы
128055
Редакция идентификаторы
128055_512102
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:50

0 Жамбыл облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жамбыл облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Жамбыл облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшері

Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 267 қаулысына қосымша
Жамбыл облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшері
Жамбыл облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшері кен іздеушілік мерзімінің бірінші жылы мен үшінші жылын қоса алғанда 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 210 бабының 2 тармағының 1 абзацында және 274 бабында белгіленген бір гектар үшін операцияларға жұмсалған жылдық ең төменгі шығыстар сомасының 20 % -дық көлемінде төмендегі формуламен анықталады:
Q = 530 х АЕК х 20 %
мұндағы:
Q- кен іздеушілік мерзімінің бірінші жылы мен үшінші жылын қоса алғанда қамтамасыз ету мөлшері;
АЕК- тиісті қаржылық жылға, республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш.

Қолданыстағы