Об использовании автомобильной дороги (участка) общего пользования республиканского значения на платной основе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об использовании автомобильной дороги (участка) общего пользования республиканского значения на платной основе
- Атауы (қаз.)
- Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 904
- Қабылданған күні
- 24.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 09.01.2025 128101_742722.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800018073
- ЭКБ идентификаторы
- 128101
- Редакция идентификаторы
- 128101_742722
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:52
0 Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1
1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты «Алматы – Өскемен (Сарқандтың, Аягөздің айналма жолдарымен және Мұқры шатқалының кiреберiсімен)» автомобиль жолының «Алматы – Қонаев» 25 + 045 километр (бұдан әрі – км) – 67 + 000 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылады;
2
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: «Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургқа) – Алматы», Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының «Алматы – Құрты» учаскесі, «Қонаев – Құрты» республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы;
3 3) ақылы жолдың (участкесінің) бастапқы пункті – 25 +0 45 км, ақылы жолдың (участкесінің) соңғы пункті – 67 + 000 км;
4 4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1 – қосымшаға сәйкес;
5 5) ақылы жолдың (учаскесінің) техникалық сыныптамасы – І-а санаты, ақылы жолдың (учаскесінің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
ақы алу пункттері орындарында автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,00 метр;
ақы алу пункттері орындарында жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені – кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған;
автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 6 белдеу;
6 6) ақылы жолдың (учаскесінің) ұзақтығы – 41 км 955 метр;
7 7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2 – қосымшаға сәйкес айқындалады;
8 8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3 – қосымшаға сәйкес;
9 9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2018 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
2018 жылғы «___» _________
1 Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 904 бұйрығына
1-қосымша
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр
Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы
Іле ауданы
28 км + 750
Жаңаталап кенті
29 км + 900
Байсерке кенті
35 км + 800
«Байсерке» саяжай секторы
38 км + 800
Әли кенті
42 км + 700
Жаңаарна кенті
46 км + 800
Жетіген кенті
55 км + 800
Заречное кенті
61 км + 600
Арна кенті
2 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 904 бұйрығына
2-қосымша
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
І-а санатты «Алматы – Өскемен (Сарқандтың, Аягөздің айналма жолдарымен және Мұқры шатқалының кiреберiсімен)» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Алматы – Қонаев» 25 + 045 километр (бұдан әрі-км) – 67 + 000 км учаскесі:
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)
№ Р/с
Аймақтар
Жеңіл автокөліктер
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
1
Жанаталап 25+045 км -52+300 км (27 км 255 метр)
0,0264
0,0229
0,0616
0,0528
0,1214
0,1038
2
Заречное 52+300 км –67 км (14 км 700 метр)
0,0142
0,0123
0,0332
0,0285
0,0655
0,0560
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (41 км 955 метр)
0,0406
0,0352
0,0948
0,0813
0,1869
0,1598
кестеннің жалғасы
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
0,1830
0,1548
0,2446
0,2076
0,3062
0,2604
0,0987
0,0835
0,1319
0,1120
0,1651
0,1405
0,2817
0,2384
0,3765
0,3196
0,4713
0,4009
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі
Жеңіл автокөліктер үшін
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін
1
2
3
4
5
6
7
Абоненттік төлемнің құны
қарастырылмаған
2 АЕК
4 АЕК
6 АЕК
8 АЕК
10 АЕК
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі
Жеңіл автокөліктер үшін
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін
1
2
3
4
5
6
7
Абоненттік төлемнің құны
1 АЕК
20 АЕК
40 АЕК
60 АЕК
80 АЕК
100 АЕК
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
т - тонна.
3 Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 904 бұйрығына
3-қосымша
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын,
іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с №
Елді мекеннің атауы
Іле ауданы
1
Заречное кенті
2
«Байсерке» саяжай секторы