Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) Осакаровского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) Осакаровского района
- Атауы (қаз.)
- Осакаров ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салықтардың мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 542
- Қабылданған күні
- 14.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2026 128146_809902.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KO005125
- ЭКБ идентификаторы
- 128146
- Редакция идентификаторы
- 128146_809902
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:03
0 Осакаров ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салықтардың мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 505-бабына, 509-бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін және тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салуға жататын, Осакаров ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері ұлғайтылсын.
2. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттардағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекен Осакаровка кенті болып айқындалсын.
3. Осакаров аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 қазандағы № 540 «Осакаров ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салықтардың базалық ставкаларын ұлғайту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3502 болып тіркелген, 2015 жылы 28 қарашадағы № 48 (7480) «Сельский труженик» газетінде және 2015 жылы 4 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.К.Сыздыкова).
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Осакаров ауданындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту
Осакаров аудандық мәслихаттың
42 сессиясының 2018 жылғы 14
желтоқсандағы № 542 шешіміне
қосымша
Осакаров ауданындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту
№
Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері
Санаттар
Базалық мөлшерлемені ұлғайту
1
Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
1 санат
он есе
2
Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
2 санат
он есе