Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые постановления акимата об утверждении регламентов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства

Қаулы · № 4 · қабылданған 08.01.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128178/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые постановления акимата об утверждении регламентов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства Күшін жойған Қаулы ·№ 4 ·08.01.2019
16.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые постановления акимата об утверждении регламентов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства

Күшін жойған Қаулы ·№ 4 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые постановления акимата об утверждении регламентов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4
Қабылданған күні
08.01.2019
Көрсетілген редакция
16.03.2020 128178_448565.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19N0008239
ЭКБ идентификаторы
128178
Редакция идентификаторы
128178_448565
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:25

0 Әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу:

1) Қостанай облысы әкімдігінің «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 26 қарашадағы № 519 қаулысына (2016 жылғы 12 қаңтарда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6089 болып тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталама (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы» арқылы көрсетілмейді.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы» арқылы көрсетілмейді.»;
2) Қостанай облысы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2016 жылғы 16 мамырдағы № 232 қаулысына (2016 жылғы 23 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6457 болып тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың екінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.».

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы