Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Бурабайском районе

Қаулы · № а-12/518 · қабылданған 29.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128215/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Бурабайском районе Күшін жойған Қаулы ·№ а-12/518 ·29.12.2018
06.05.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Бурабайском районе

Күшін жойған Қаулы ·№ а-12/518 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Бурабайском районе
Атауы (қаз.)
Бурабай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
а-12/518
Қабылданған күні
29.12.2018
Көрсетілген редакция
06.05.2019 128215_406264.kaz
Соңғы өзгеріс
06.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18BS007019
ЭКБ идентификаторы
128215
Редакция идентификаторы
128215_406264
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:32

0 Бурабай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Бурабай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Мұратовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрлігі Ақмола
облысының полиция департаменті
Бурабай ауданының полиция
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Ө.Б. Бейсенов
«29» желтоқсан 2018 жыл

4 Бурабай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Бурабай ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «29» желтоқсандағы
№ а-12/518 қаулысына
қосымша
Бурабай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға
ақшалай сыйақының мөлшері

1 1-тарау. Көтермелеудің түрлері

1 1. Бурабай ауданы әкімінің алғыс хаты.

2 2. Ақшалай сыйақы.

2 2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

3 3. Осы тәртіп Бурабай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

4 4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Бурабай ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.

5 5. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Бурабай ауданының полиция бөлімі» (бұдан әрі – ПБ) мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

6 6. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

7 7. Ақшалай сыйақыны төлеуді ПБ облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

8 8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін ПБ бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрық шығарылады.

9 9. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, Бурабай ауданы әкімінің алғыс хатын табыстау ПБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

10

10. Ақшалай сыйақы мөлшерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен білгіленеді және 20 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Қолданыстағы