Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня, наименования и индексы автомобильных дорог общего пользования районного значения Мойынкумского района

Қаулы · № 396 · қабылданған 29.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128240/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении перечня, наименования и индексы автомобильных дорог общего пользования районного значения Мойынкумского района Қолданыста Қаулы ·№ 396 ·29.12.2018
14.02.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня, наименования и индексы автомобильных дорог общего пользования районного значения Мойынкумского района

Қолданыста Қаулы ·№ 396 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня, наименования и индексы автомобильных дорог общего пользования районного значения Мойынкумского района
Атауы (қаз.)
Мойынқұм ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
396
Қабылданған күні
29.12.2018
Қолданысқа енгізілген күні
25.01.2019
Көрсетілген редакция
14.02.2023 128240_621399.kaz
Соңғы өзгеріс
14.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18GG004082
ЭКБ идентификаторы
128240
Редакция идентификаторы
128240_621399
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:31

0 Мойынқұм ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын

автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3-бабының 7-тармағына, 6-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мойынқұм ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. «Мойынқұм ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары және индекстерін бекiту туралы» Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 265 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3964 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 қазанында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Мойынқұм ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулыны Мойынқұм ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мұратхан Тұрарханұлы Естаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
Жамбыл облысы әкімдігінің
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары
басқармасының басшысы
________________Б.Жәнібеков
"_____" __________2018 жыл

10 Мойынқұм ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «29» желтоқсандағы
№396 қаулысына қосымша
Мойынқұм ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

Автомобиль жолдары
Индекс
Атауы
Ұзақтығы
(шақырым)
1
КН-МО-1
״Көкжелек ауылына кіре-беріс״ 0-4,7
4,7
2
КН-МО-2
״Жамбыл ауылына кіре-беріс״ 0-1
1
3
КН-МО-3
״Күшаман ауылына кіре-беріс״ 0-0,2
0,2
4
КН-МО-4
״Сарыөзек ауылына кіре-беріс״ 0-4,6
4,6
5
КН-МО-5
״Қылышбай ауылына кіре-беріс״ 0-1,3
1,3
6
КН-МО-6
״Құмөзек ауылына кіре-беріс״ 0-0,3
0,3
7
КН-МО-7
״Қарабөгет ауылына кіре-беріс״ 0-1,7
1,7
8
КН-МО-8
״Қияхты станциясына кіре-беріс˝ 0-5
5
9
КН-МО-9
״Ақсүйек ауылына кіре-беріс״ 0-4
4
10
КН-МО-10
״Шығанақ ауылына кіре-беріс״ 0-1,6
1,6
11
КН-МО-11
״Мыңарал станциясына кіре-беріс״ 0-3
3
12
КН-МО-12
״Қияхты ст.-Мирный״ 0-12
12
13
КН-МО-13
״Хантау ауылына кіре-беріс״ 0-0,6
0,6
14
КН-МО-14
״Хантау станциясына кіре-беріс״ 0-2,4
2,4
15.
КН-МО-15
״ Ақбақай-Мирный ״ 0-110
110
16.
КН-МО-16
״ Кіші Қамқалы-Ұланбел ״ 0-5,8
5,8
17.
КН-МО-17
״ Мойынқұм ауылына солтүстік-батыстан кіре-беріс ״ 0-3
3
Барлығы:
161,2

Қолданыстағы