Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов в Ескельдинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов в Ескельдинском районе
- Атауы (қаз.)
- Ескелді ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 30
- Қабылданған күні
- 19.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 04.12.2020 128245_497747.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18DI004980
- ЭКБ идентификаторы
- 128245
- Редакция идентификаторы
- 128245_497747
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:00
0 Ескелді ауданында дауыс беруді
өткізу және дауыс санау үшін сайлау
учаскелерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Ескелді ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ескелді ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
2. Ескелді ауданы әкімінің «Ескелді ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы № 8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3520 тіркелген, 2015 жылдың 13 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Тулақбаев Болат Толымбековичке жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ескелді ауданы әкімінің
2018 жылғы «19» желтоқсандағы
№ 30 шешіміне қосымша
Ескелді ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін құрылған сайлау учаскелері
№ 243 сайлау учаскесі.
Орталығы: Бақтыбай ауылы, Тұрар Рыскұлов көшесі № 36, «Ескелді ауданы әкімдігінің Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Бақтыбай ауылының, Астана, Л. Асанова, Шәкәрім, Қ. Рысқұлбеков, Жетісу Шұғылысы, Қ. Жапсарбаев, Әбілхайырхан № 1-29, Б. Ысқақов, О. Жандосов, К. Менисова, Д. Рақышов, Д. Нұрпейісова № 1-19, Сүйінбай № 1-64, Кенесары хан № 1-14, Тәуке хан № 1-25 және М. Мақатаев көшелерді қоспағанда.
№ 244 сайлау учаскесі.
Орталығы: Елтай ауылы, Жансенгіров көшесі № 30, «Ескелді ауданы әкімдігінің Сейфуллин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын- орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Елтай ауылы және Бақтыбай ауылында Астана, Л. Асанова, Шәкәрім, Қ. Рысқұлбеков, Жетісу Шұғылысы, Қ. Жапсарбаев, Әбілхайырхан № 1-29, Б. Ысқақов, О. Жандосов, К. Менисова, Д. Рақышов, Д. Нұрпейісова № 1-19, Сүйінбай № 1-64, Кенесары хан № 1-14, Тәуке хан № 1-25 және М. Мақатаев көшелері.