Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Астане

Қаулы · № 17-2028 · қабылданған 20.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-128281/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Астане Күшін жойған 30.06.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Астане

Күшін жойған Қаулы № 17-2028 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Астане
Атауы (қаз.)
Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17-2028
Қабылданған күні
20.12.2018
Көрсетілген редакция
30.06.2026 128281_829858.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18ABW01195
ЭКБ идентификаторы
128281
Редакция идентификаторы
128281_829858
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:59
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Астана қаласында қоғамдық

тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеудің түрлері
мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай
сыйақының мөлшерін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Астана қаласының Полиция
департаменті» мемлекеттік
мекемесінің бастығының
міндетін атқарушы
_______________М. Төлебаев
2018 жылғы «__» _________

0 Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері

Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 17-2028 қаулысына
қосымша
Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі,
сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері

1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1) алғыс жариялау;

2) грамотамен марапаттау;

3) ақшалай сыйақы беру болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Полиция департаменті) ұсынысы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Астана қаласы әкімдігі құрған комиссия қарайды.

3. Комиссия қабылдайтын шешім азаматтарды көтермелеу үшін негіз болып табылады.

4. Комиссия көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып белгілейді және әдетте, 20 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

5. Ақшалай сыйақы төлеуді көтермелеуге ұсыныс енгізген Полиция департаменті жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.

6. Көтермелеулерді төлеуге арналған қаражат Полиция департаментінің шығыстары құрамында жеке бағдарламамен көзделеді.

7. Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу Полиция департаменті салтанатты жағдайда жүзеге асырады.