Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 04.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.01.2019 128288_384552.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19V0005724
- ЭКБ идентификаторы
- 128288
- Редакция идентификаторы
- 128288_384552
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:26
0 Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз
етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен
тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін
айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
2 2. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберілуін;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң, оның көшірмесінің күнтізбелік он күн ішінде облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4 4) осы қаулы ресми жарияланған соң Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Шығыс Қазақстан облысы
полиция департаменті бастығының
міндетін уақытша атқарушы
________________ Қ. Нұрғалиев
2018 жылғы «29» желтоқсан
8 Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сонымен бірге ақшалай сыйақының мөлшері
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2019 жылғы «4» қаңтардағы
№ 2 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сонымен бірге ақшалай сыйақының мөлшері
1. Көтермелеу түрлері
1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1 1) алғыс жариялау;
2 2) грамотамен марапаттау;
3 2. Көтермелеудің тәртібі
3) ақшалай сыйақы беру.
2. Көтермелеудің тәртібі
2 2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге ықпал еткен, қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысқан азаматтарды көтермелеу мәселелерін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен құрылған комиссия қарайды.
3 3. Қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге белсенді қатысушы азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы енгізеді.
4 3. Ақшалай сыйақының мөлшері
4. Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес, көтермелеуге - комиссия қабылдаған шешім, сыйақы төлеуге - Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бұйрығы негіз болып табылады.
3. Ақшалай сыйақының мөлшері